MNU Logo
MNU-да білім беру гранттары байқауы басталды - MNU

21.05.2026

MNU-да білім беру гранттары байқауы басталды

Әлемнің түкпір-түкпірінен талапкерлер Maqsut Narikbayev Scholarship олимпиадасына қатыса алады. Жеңімпаздар жоғары оқу орнының бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша білім беру гранттарына ие болады.

Олимпиада үш кезеңде өтеді және қазақстандық талапкерлерге MNU бакалавриатындағы 13 білім беру бағдарламасының бірінде тегін оқу мүмкіндігін беретін грантты және стипендияны жеңіп алуға мүмкіндік береді. Байқауға мектептердің биылғы жылғы 11-ші сынып түлектері қатыса алады. Іріктеу академиялық жетістіктер, ынталандыру, көшбасшылық қасиеттер және талапкердің әлеуметтік үлесі негізінде жүргізіледі.

Мектеп түлектеріне арналған олимпиада қажетті құжаттармен өтінім беруді, таңдаған мамандығына сәйкес ұсынылған тақырыптардың біріне аннотация жазуды, жеке онлайн әңгімелесуді және таныстырылымды қорғауды қамтиды. Сондай-ақ ҰБТ баллдары, IELTS, TOEFL iBT, Duolongo, CAE емтихандарының нәтижелері, Қазтест тестілеу нәтижелері (тек «Құқықтану» мен «Халықаралық құқық» мамандықтары үшін), сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындардың болуы ескеріледі. Өтінімдер 2026 жылғы 21 маусымға дейін (қоса алғанда) қабылданады, ал нәтижелері 2026 жылғы 10 тамызда жарияланады.

Бакалавр дәрежесінің иегерлері университеттің магистрлік бағдарламаларының бірінде тегін оқу мүмкіндігін беретін грант ұтып ала алады. Қатысушыларға өтінім беру, уәждемелік және ұсынымдық хаттар дайындау, онлайн әңгімелесуге қатысу, сондай-ақ Research Proposal (зерттеу бойынша ұсыныс) әзірлеу мен оны қорғау қажет. Қазақстандық үміткерлер үшін өтінімдер 2026 жылғы 30 маусымға дейін (қоса алғанда), ал шетелдік үміткерлер үшін өтінімдер 2026 жылғы 31 мамырға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қатысуға өтінім беруге, сондай-ақ барлық талаптармен осы сілтеме бойыншатанысуға болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз