MNU Logo
Әділет министріне құқықты цифрландыру бойынша MNU жобасы таныстырылды - MNU

11.06.2026

Әділет министріне құқықты цифрландыру бойынша MNU жобасы таныстырылды

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Maqsut Narikbayev University-де болды. Ведомство басшысы құқықты цифрландыру саласындағы «Legal Graph» ғылыми-технологиялық жобасын әзірлеу барысымен танысты.

Жобаның мақсаты – жасанды интеллект негізінде құқықты түсіну мен түсіндіруді қамтамасыз етуге қабілетті платформа әзірлеу. Технология заңның формальды мәтінін түсінікті іс-қимыл алгоритміне аударуға қабілетті. Бұл заң жобаларын әзірлеуді жеделдетуге, коллизияларды анықтауға, кешенді заңдық бағалау жүргізуге және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

MNU ғалымдары қазақстандық «ITByDesign» компаниясының мамандарымен бірлесіп, өз әдіснамасы негізінде заңдар корпусын сараптамалық белгілеуге және құқықтық өзегін қалыптастыруға кірісті. Жарты жыл ішінде төрт кодекстің екі мыңнан астам бабына аннотация жүргізіліп, жүйені оқыту мен тестілеу базасы қалыптастырылды. Сапалы платформа құру үшін құқықты құрылымдалған заң білімі жүйесі түрінде ұсыну қажеттігі атап өтілді.

Әділет министрі платформаны әзірлеу барысына оң баға беріп, жобаның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, «Legal Graph» мемлекеттік органдарға, бизнес пен халыққа пайда әкелуі мүмкін. Ерлан Сәрсембаев сондай-ақ платформаны әзірлеудің одан арғы кезеңдерінде министрліктің жәрдемдесуге дайындығын атап өтті.

«Legal Graph» жобасы MNU және «ITByDesign» компаниясы бастамашы болған ғылыми-технологиялық консорциум қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Консорциумның серіктестері Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің жоғары оқу орындары. Жоба аясында заңнаманың өзгерістеріне және дәлелдеуге ЖИ технологияларының тұрақтылығы саласында ғылыми ізденістер жүргізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін MNU-да мемлекеттік органдардың өкілдеріне ІІ «International Legathon MaxUP 2026» заң саласындағы кейс-чемпионатының қорытындысы бойынша қалыптасқан құқық және ЖИ саласындағы үздік реттеушілік шешімдер таныстырылған болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз