Maqsut Narikbayev University-де «Қазақстан қор биржасының тетіктері мен ерекшеліктері» тақырыбында оқыту тренингі өтті. Іс-шараға елордалық БАҚ өкілдері мен Халықаралық журналистика мектебінің оқытушылары қатысты.
Тренинг БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан қор биржасымен (KASE) бірлесіп ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақстандық қор нарығын дамытудың өзекті үрдістерімен танысып, инвестициялық мәдениетті насихаттаудағы медианың рөлін талқылады және биржа сарапшыларынан қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Журналистердің қаржылық ақпаратпен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сарапшылар биржалық деректерді дұрыс талдау, қаржылық көрсеткіштерді түсіндіру және материалдарды дайындау кезінде ресми статистиканы пайдалану жолдарын түсіндірді. Бұдан басқа, олар экономикалық тақырыптар бойынша хабар тарату кезінде кеңінен таралған қателіктер туралы айтып, ақпарат көздерімен жұмыс істеу бойынша практикалық ұсынымдармен бөлісті.
Сарапшылардың айтуынша, сапалы және сенімді қаржылық ақпаратты беру халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және нарықта болып жатқан процестер туралы объективті түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.




