Maqsut Narikbayev University Жоғары гуманитарлық мектебінің деканы болып Гүлфия Күшімова тағайындалды. Ол өз қызметіне осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап кіріседі.
Гүлфия Күшімова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ағылшын тілі бойынша бакалавры және гуманитарлық ғылымдар магистрі, сондай-ақ Nazarbayev University-дің білім беру саласындағы PhD докторы. 2017 жылы Кембридж университетінде ғылыми қызметкер ретінде тағылымдамадан өтті. Білім беру саласында 20 жыл тәжірибесі бар.
Өз еңбек жолын Гүлфия Күшімова 2006 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің герман филологиясы кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2012-2018 жылдар аралығында MNU-да оқытушы, жоба менеджері және Жалпы білім беретін пәндер және тілдік дайындық жоғары мектебі деканының орынбасары қызметтерін атқарды. 2018-2021 жылдар аралығында Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебінің ғылыми қызметкері болды. 2021 жылы MNU командасына Жоғары гуманитарлық мектебінің профессоры ретінде қайта қосылды.
Гүлфия Күшімова қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Оның білім беруді дамыту тақырыбындағы зерттеулері мен ғылыми жұмыстары беделді қазақстандық және шетелдік басылымдарда кеңінен таралған. Сонымен қатар ол отандық ғалым әйелдерге арналған академик Найля Базанова атындағы марапатының иегері.
Maqsut Narikbayev University Гүлфия Жасұланқызын тағайындалуымен құттықтайды және қызметіне табыс тілейді!
