Maqsut Narikbayev University (MNU) болашақ журналистердің практикалық білім алу көкжиегін кеңейтеді. Жаңа оқу жылында синхронды шу, дыбыс подкаст студиялары және Newsroom іске қосылды.
Синхронды шу студиясы (Foley-студия) – дыбыстық эффектілер қолмен жасалатын және жазылатын мамандандырылған кеңістік. Жабдықталған оқу аудиториясы студенттердің жарнама, кино және басқа да медиа өнімдерде кеңінен қолданылатын арнайы дыбыстық эффектілерді жасау бен өңдеу бойынша дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ білім алушылар үшін аудио подкасттар жазуға арналған студия қолжетімді.






Жаңа локацияларда аудио журналистика бойынша сабақтар өткізілуде. Дәрістерді индустрияның тәжірибелі мамандары өткізеді. Бұдан басқа, студенттердің контентін жинау, өңдеу және жариялауы үшін жаңа Newsroom іске қосылды.




Журналистика саласындағы білім беру бағдарламасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2021 жылы MNU-да іске қосылды. 2023 жылы ҚР Президентінің телерадиокешенімен бірлесіп Халықаралық журналистика мектебі ашылды. Бүгінде онда 300-ге жуық студент білім алуда.
Жаңа локацияларды іске қосу білім беру процесінің практикалық құрамдас бөлігінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Медиа саласындағы әмбебап мамандарды даярлау үшін университетте контент өндірісіне арналған бірнеше студиялар мен заманауи кәсіби жабдықтар да қолжетімді. Айта кетейік, бүгін MNU Халықаралық журналистика мектебіне 3 жыл толды.