Maqsut Narikbayev University-де Шейх Зайд мешіті орталығының бас директоры Юсиф Абдалла Алобаидли болды. Ол университет басшылығымен кездесу өткізіп, студенттерге дәріс оқыды.
Сапар барысында тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігінің стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейін атап өтіп, өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады. Юсиф Абдалла Алобаидли MNU-дың, сондай-ақ университет жанындағы Ислам және қазақ құқығы орталығының қызметімен егжей-тегжейлі танысты. Екі ел арасындағы мәдени диалог пен тәжірибе алмасудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Студенттер алдында сөз сөйлеген Юсиф Абдалла Алобаидли Шейх Зайд мешітінің құрылу тарихы мен оның БАӘ-нің мәдени өміріндегі рөлі туралы айтып берді. Оның айтуынша, мешіт ислам өнерінің дәстүрлері мен мәдениетаралық диалогтың заманауи тәсілдерін біріктіретін сәулет жауһары. Сонымен қатар әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі тек маңызды сәулет нысаны ғана емес, мәдени дәстүрлермен танысуға, түрлі елдер өкілдері арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды дамытуға арналған кеңістік ретінде белгілі.
Сапар соңында Юсиф Абдалла Алобаидли БАӘ негізін қалаушы Шейх Зайд ибн Сұлтан Әл Нахайян атындағы аудиторияны аралады.







