MNU Logo
MNU IT мамандарға арналған вайб-кодинг бойынша Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды - MNU

06.10.2026

MNU IT мамандарға арналған вайб-кодинг бойынша Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

Maqsut Narikbayev University қызметкерлері AlgoBatyr 2026 корпоративтік IT мамандарына арналған вайб-кодинг бойынша алғашқы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанды. Сайыс Астана қаласында AI & Digital Bridge халықаралық форумы аясында өтті.

Чемпионатта 16 командадан 32 әзірлеуші бақ сынасты. MNU атынан Жасанды интеллектіні енгізу тобының (FDE) мамандары Расул Айсаев пен Берік Базаров қатысты. Сайыс қатысушылардың жекелей жекпе-жекте кездесуі арқылы Double Elimination жүйесі бойынша өтті.

AlgoBatyr – үлкен тілдік модельдерді (LLM) пайдалана отырып, алгоритмдік есептерді шешуге арналған чемпионат. Классикалық спорттық бағдарламалаудан айырмашылығы, мұнда синтаксисті білу емес, жасанды интеллектке тапсырманы дұрыс қоя білу, тиімді промпт құрастыру және оңтайлы шешімге қол жеткізу қабілеті шешуші рөл атқарады. Іс-шараны ҚР Спорттық бағдарламалау федерациясы мен Astana Hub ұйымдастырды.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Жасанды интеллектіні енгізу тобының (FDE) жетекшісі Расул Айсаев иеленді. Ол Damqor, «Қазақтелеком», Documentolog, Magnum E-Commerce сияқты компаниялардың бәсекелестерін және корпоративтік сектордың басқа да өкілдерін басып озды. Бұдан басқа, университет командасы үздік жиынтық нәтиже көрсетіп, AlgoBatyr Cup корпоративтік кубогының иегері атанды.

Айта кетейік, чемпионат қызметкерлердің тапсырмаларды шешуде ЖИ қолдануын бағалау және компанияларда дамыту үшін қажетті дағдыларды анықтау мүмкіндігіне айналды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз