Maqsut Narikbayev University студенттері VI Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасына қатысты. Олар ірі сайыстың жүлдегерлері атанды.
Олимпиада Красноярск қаласында (Ресей) өтті және 45-тен астам елден 700-ге жуық қатысушыны біріктірді. Студенттер экономикалық құқық бұзушылықтар, ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру және ақпараттық қауіпсіздікке байланысты бағыттар бойынша сайысқа түсті. Қазақстан құрамасын биыл MNU-да өткен Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиаданың он жеңімпазы құрды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан екі жеңіске және бес жүлделі нәтижеге қол жеткізді. «Құқықтану» бағытында MNU Құқық жоғары мектебінің студенті Тоғжан Ілиясова, ал «Экономика» бағытында MNU Халықаралық экономика мектебінің студенті Никита Пильцов жүлделі орындарды иеленді. Отандық құрама ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің қолдауымен өнер көрсетті.
Айта кетейік, өткен жылы MNU студенттері V Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасының вице-чемпионы атанды.
07.10.2026
MNU студенттері тағы бір мәрте Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері атанды
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
24.11.2026
В MNU обсудили роль средних держав
В Maqsut Narikbayev University обсудили концепции средних держав и стран Глобального юга. В вузе прошел...
23.11.2026
Халықтық Конституция: MNU-да заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтылды
Maqsut Narikbayev University-де Халықтық Конституция аясында заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына арналған форум...
21.11.2026
Парламентаралық одақ президенті MNU-да болды
Maqsut Narikbayev University-де Парламентаралық одақ Президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дик болды. Ол...