Maqsut Narikbayev University (MNU) БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен (UNHCR) ынтымақтастық орнатты. Тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Уағдаластыққа MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен UNHCR Орталық Азия бойынша өкілі Махир Сафарлидің кездесуі барысында қол жеткізілді. Басты назарда ынтымақтастық, академиялық өзара іс-қимыл және бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын талқылау болды. Кездесудің қатысушылары халықаралық қорғау қағидаттарын ілгерілетуге және құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ортақ мүдделілігін растады.
Меморандум сондай-ақ босқындар құқығы мәселелері бойынша бірлескен тренингтер, семинарлар мен зерттеулер өткізуді, халықаралық қорғау және адам құқықтары мәселелері бойынша хабардарлықты арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды, сондай-ақ университет жанында заң клиникаларын дамытуды қамтиды. UNHCRбосқындарды, пана іздеген және азаматтығы жоқ адамдарды қорғау жөніндегі халықаралық күш-жігерді үйлестіретін ұйым.
Айта кетейік, Қазақстан босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон мәселелері бойынша Орталық Азиядағы консультативтік платформа ретінде белгіленген Алматы процесіне төрағалық етуде.




