MNU Logo
MNU-да Қазақстанның даму нәтижелері талқыланды - MNU

23.10.2026

MNU-да Қазақстанның даму нәтижелері талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері ұлттық мерекенің маңыздылығын талқылап, мемлекеттің даму нәтижелерін атап өтті.

Іс-шара Қазақстанның соңғы жеті жылдағы даму нәтижелерін кешенді талқылау алаңына айналды. Жоғары білім мен ғылым, макроэкономика, өнеркәсіп пен жұмыспен қамту, туризм мен әлеуметтік инвестициялар, сондай-ақ цифрлық трансформация мен жасанды интеллект басты назарда болды. MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев университет ұжымын Республика күнімен құттықтап, аталған мереке баршаға өз елінің тағдырын өз бетінше айқындау құқығының құндылығын және оның болашағы үшін жауапкершілікті еске түсіретінін атап өтті.

«Соңғы жеті жылда Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 52,9 пайызға өсіп, 15 мың долларға жетті. Осы кезеңде 155 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылды, 625 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын ашылды және 3,6 миллион жұмыс орны пайда болды. Университет ретіндегі біздің міндетіміз – жаңа өндірістерді дамытып, бизнес құра алатын және Қазақстан экономикасын нығайта алатын мамандар даярлау», – деді Талғат Нәрікбаев.

Іс-шара барысында жоғары оқу орнының профессорлары, PhD докторлары Сәуле Кемелбаева мен Марат Ахмади, сондай-ақ туризм және маркетинг саласындағы оқытушы Лейла Шора сөз сөйледі. Спикерлер республика дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша өз баяндамаларын ұсынды. Профессор Марат Ахмади мемлекеттің жоғары білім мен ғылымға инвестиция салуға ерекше көңіл бөлетініне тоқталды.

«Мемлекет – басты инвестор. Тек өткен жылы ғана жоғары оқу орындарын қаржыландыру 18 пайызға өсті. Сондай-ақ 2019 бен 2026 жылдар аралығында ғылымды қаржыландыру 3,6 есеге өсіп, білім беру гранттарына 1,5 триллион теңге бөлінді. Бұл білім алушыларға үлкен қолдау. Егер жеті жыл бұрын 82 мың студентке жатақханадан орын жетіспесе, қазір орын тапшылығы 16 есеге азайды. Елімізде 267 студенттік жатақхана салынып, стипендиялар 2,5 есеге артты», – деді Марат Ахмади.

Сондай-ақ спикерлер мемлекеттің дамуына бағытталған өзгерістердегі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше рөлін атап өтті. Оқытушы Лейла Шора ішкі туризмнің рекордтық өсу көрсеткіштеріне тоқталды. Сонымен қатар Халықаралық экономика мектебінің деканы Сәуле Кемелбаева өзінің макроэкономикалық талдауын ұсынды.

«Отандық экономика көптеген сыртқы күйзелістерге қарамастан тұрақты өсім көрсетіп отыр. Экономиканы әртараптандыруда ілгерілеушілік бар және халықаралық өлшемдер бойынша мемлекеттік борыш деңгейінің төмендігі байқалады. Қазақстан сондай-ақ тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша өңірлік көшбасшы ретінде белгілі», – деді Сәуле Кемелбаева.

Айта кетейік, іс-шарада осы оқу жылында PhD дәрежесін алған үш оқытушыға құрмет көрсетілді. Философия докторы Айжан Сатаева, Станислав Югай және Талғат Құтебаев атанды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз