MNU Logo
MNU-да Швеция Елшісінің дәрісі өтті - MNU

11.11.2026

MNU-да Швеция Елшісінің дәрісі өтті

Швецияның Қазақстандағы Елшісі Стефан Эрикссон Maqsut Narikbayev University-де қонақ дәріс оқыды. Ол корольдіктің тарихы, мәдениеті, экономикасы және қазақ-швед ынтымақтастығының дамуы туралы айтып берді.

Елшінің дәрісі Applied Diplomacy курсы аясында өтті. Стефан Эрикссон Швецияның дамуының негізгі бағыттарына, оның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктеріне және Қазақстанмен өзара іс-қимылына тоқталды. Сонымен қатар ол университеттің инфрақұрылымы және қызметімен танысты.

«Маған MNU студенттері ұнады. Олар белсенді түрде сұрақтар қойып, біз ортақ тіл таптық. Мен сондай-ақ университеттен, оның кеңістігінен және қолайлы оқу жағдайынан әсер алдым. Бұл жерде бәрі ойдағыдай ойластырылған. Баршаңызға ашық диалогқа мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс айтамын», – деді Стефан Эрикссон.

Швеция Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктестерінің бірі. Бүгінде қазақстандық нарықта денсаулық сақтау, технология, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және білім беру салаларында жұмыс істейтін швед капиталының қатысуымен 60-қа жуық компания жұмыс істейді. Келесі жылы Астана мен Стокгольм дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуын атап өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін MNU-да Латвия, Швейцария, Корея, Германия және Кипр Елшілерінің дәрістері өткен болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз