MNU Logo
Парламентаралық одақ президенті MNU-да болды - MNU

21.11.2026

Парламентаралық одақ президенті MNU-да болды

Maqsut Narikbayev University-де Парламентаралық одақ Президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дик болды. Ол студенттермен кездесу өткізді.

МNU-ға сапары барысында Милтон Дик университет қызметі және инфрақұрылымымен танысты. Оған Халықаралық журналистика мектебінің техникалық мүмкіндіктері және жоғары оқу орнының жасанды интеллект саласындағы жобалары таныстырылды. Сонымен қатар Парламентаралық одақ президенті студенттердің сұрақтарына жауап берді.

«Біз университетімізде білім беру академиялық біліммен ғана шектелмейтініне сенімдіміз. Біз студенттердің өз бетінше ойлауына, әртүрлі көзқарастарды түсінуіне және қоршаған орта үшін өздерінің жауапкершілігін сезінуіне ұмтыламыз. Мәртебелі қонағымыздың тәжірибесі мен көзқарасы оларды өз мүмкіндіктері мен болашаққа қосқан үлестеріне кеңінен қарауға шабыттандырады деп сенемін», – деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Милтон Дик демократиялық институттар, Парламентаралық одақ және халықаралық парламенттік ынтымақтастықтың маңызы туралы айтып берді. Студенттер қонақпен азаматтардың мүдделерін білдіру және саяси институттар алдында тұрған заманауи сын-қатерлер мәселелерін талқылады. Милтон Дик Парламентаралық одақ президенті ретінде сапармен келіп отырған алғашқы ел Қазақстан екенін атап өтті.

«Мен Қазақстан және Еуразияны таңдадым, өйткені сіздердің елдеріңіздің болашағы мен әлеуетіне сенемін. Мен осында болып жатқан өзгерістерді көріп отырмын және осы өзгерістерді кеңінен білу мен атап өту үшін келгім келді. Саясаткер, спикер, әлем азаматы және демократиялық процестердің қатысушысы болу – үнемі оқу дегенді білдіреді», – деді Милтон Дик.

Айта кетейік, Парламентаралық одақ парламенттік дипломатияны дамыту, бейбітшілікті нығайту, адам құқықтарын қорғау, демократиялық институттарды қолдау және тұрақты даму үшін елдердің парламенттерін біріктіреді. Қазақстан бұл ұйыммен көп жылдар бойы жемісті ынтымақтасады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз