MNU Logo
MNU түлектері студенттерге стипендия табыстады - MNU

28.11.2026

MNU түлектері студенттерге стипендия табыстады

Maqsut Narikbayev University-де түлектердің жыл сайынғы кездесуі өтті. MNU Alumni Impact Day 2026 форумы 200-ге жуық қатысушыны біріктірді.

Іс-шараға түрлі буынның түлектері, мемлекеттік құрылымдар, бизнес, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушыларды қарсы ала отырып, MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев олардың кәсіби жетістіктерін атап өтті және университет өз түлектерімен әрдайым байланыста болатынын мәлімдеді. Сонымен қатар бірқатар түлектер жоғары оқу орнының мансаптық дамуындағы рөлі туралы айтып, жеке жетістіктерімен бөлісті.

«MNU Alumni Impact Day – бұл ортақ тарихы бар адамдармен кездесіп, тәжірибе алмасу және жаңа идеяларды талқылау мүмкіндігі. Түлектердің өз білімдерімен бөлісіп, студенттерге қолдау көрсетіп, мамандардың келесі буынын дамытуға қатысуы аса маңызды», – деді Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашева.

Іс-шара барысында бірқатар түлектер қоғам дамуына қосқан үлесі үшін арнайы мүсіндермен марапатталды. Кештің маңызды оқиғасы түлектердің дарынды жастарды қолдау жөніндегі бастамалары болды. MNU студенттеріне түлектер Айнар Ілиясов пен Азамат Тоқжановты еске алуға арналған, сондай-ақ AITAS холдингінің шәкіртақылары табыс етілді.

«Жастарды қолдау – болашаққа үлес. Біз талантты студенттердің өз әлеуетін дамытуға және жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктері болуын қалаймыз. Мұндай бастамалар бизнес, университет және түлектер ортақ мақсат үшін бірігетін кезде ерекше құнды», – деді AITAS холдингі сыртқы байланыстар және GR бойынша вице-президенті Данияр Тоқтарбаев.

Айта кетейік, MNU Alumni Impact Day жыл сайын өткізіледі және түрлі буын түлектерінің кездесуі, кәсіби байланыстарды нығайту және университет, бизнес пен түлектер қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты дамыту алаңына айналады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз