MNU және Alash Media Group ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды - MNU

MNU және Alash Media Group ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

27.11.2023

Құжатқа Alash Media Group ЖШС Бас директоры Зауреш Қазыбаева және MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қол қойды.

Alash Media Group медиа холдингінің құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары және “Жұлдыз FM” радиостанциясы кіреді.

Меморандумның мақсаты – қоғам мен мемлекеттің заманауи талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлауда жас таланттарды қолдау.

Меморандум аясында Alash Media Group ЖШС Халықаралық журналистика мектебінің 2 және 3 курс студенттеріне 50 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындайды. Студенттер 2024 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін шәкіртақы алады.