Құқықтану

Школа специальности:
Құқық Жоғары Мектебі

Сипаттама

«Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасы жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып әзірленген және ҚР Мемлекеттік міндетті білім беру стандарттарына негізделген.

 

ECTS: 240 + 8

Оқу ұзақтығы: 4 жыл (орта білім негізінде)
3 жыл (орта кәсіптік білім негізінде)

Оқыту тілдері: қазақша, орысша (бірқатар курстар ағылшын тілінде ұсынылады)

 

 

ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
«Құқықтану» бакалавриат бағдарламасының түлегі:

    • Конституциялық құрылыстың негіздерін, мемлекеттік органдар қызметінің құрылымын, функциялары мен қағидаттарын, құқықтық және мемлекеттік құбылыстардың мәнін, сипаты мен өзара әрекеттестігін білу (LO 1);
    • Құқықтың мәнін қоғамдық қатынастарды реттеуші тарапынан түсіну, құқықтың функцияларын, құқықтық жүйенің құрылымы мен элементтерін, мемлекеттің пайда болу заңдылықтарын, қазіргі мемлекеттің функцияларын жүзеге асырудың формалары мен әдістерін білу (LO 2);
    • Академиялық және іскерлік жазу дағдыларын көрсету, презентация стилін ажырата білу, заңдық сипаттағы құжаттарды дұрыс құру, білікті кеңес беру (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) (LO 3);
    • Материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын нақты өмірлік жағдайларға қолдана білу, фактілер мен жағдайларды заңды түрде дұрыс анықтау, дәлелдеу және құқықтық талдау дағдыларын меңгеру, кейстер мен ситуациялық есептерді шешу алгоритмін құру (LO 4);
    • Өз қызметінің ықтимал салдарын және оған жауапты болу  (LO 5);
    • Бағдарламалау (компьютерлік) тілінің негіздерін, тиімді коммуникация техникасын меңгеру және оларды практикалық қызметте қолдану, басқалармен анық және қарым-қатынас жасау (LO 6);
    • Практикалық және құқықтық мәселелерді шешуде сыни тұрғыдан ойлау және тәуелсіз әрекет ету, жеке және топтарда күрделі құқықтық мәселелерді шешуге қабілетті болу (LO 7);
    • Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық және ұлттық құқық нормаларын қолдану (LO 8);
    • Сот практикасы материалдарын қоса алғанда, құқықтық және өзге де ақпаратты іздеуді, жинауды және талдауды өз бетінше жүзеге асыру (LO 9);
    • Қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу, азаматтық-құқықтық және тәртіптік рәсімдерді түсіну (LO 10);
    • Дауларды шешудің балама тәсілдерін және заң техникасын қолдану дағдыларын көрсету (LO 11);
    • Ағылшын және неміс құқығының нормаларын, сондай-ақ басқа шет елдердің заңнамаларын қолдану білімі мен дағдыларын көрсету (LO 12);
    • Заңға дәл сәйкес шешім қабылдай білу және өзге де заңды іс-әрекеттер жасау, құқық пен заңға құрметпен қарау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу (LO 13).

 

Кәсіби қауымдастық аккредиттациялары:

Бағдарлама:

 

  • Республикалық нотариаттық палата
  •  «Қазақстан Заң-Кенес» заң консультанттары қауымдастығының палатасы
  • «Юстус» заң консультанттары палатасымен ұсынылған.

Бағдарлама жетекшісі

Бабаджанян Естер Левоновна

Tel: +7(7172) 70 30 41

Mob.: +7(708) 744 13 92

Email: e_babadzhanyan@kazguu.kz

Бағдарлама құрылымы

Бағдарлама 7 модульден тұрады:

 

1 Модуль. General Education (Liberal Arts арнайы модулін қамтитын GED)-жалпы әлеуметтік құзыреттерді қалыптастыратын жалпы білім беру циклінің пәндерінен тұратын блок. Олардың кейбіреулері негізгі компоненттің пәндеріне пререквизиттер ретінде ұсынылған. Бағдарламаның 1 және 2 семестрінде оқытылады.

 

 

2 Модуль. Theory of Law (TL) – жалпы теориялық біліммен байланысты құқықтану саласындағы бакалаврдың негізгі білімі мен дағдыларын қалыптастыратын, сондай-ақ бастапқы аналитикалық дағдылар мен құқықтық жазбаша дәлелдеу дағдыларын қалыптастыратын базалық компоненттің пәндер блогы (мысалы, 3 семестрде ұсынылатын “Құқықтық дәлелдеу техникасы” пәні). Theory and Research in Law бағытының кейбір компоненттері салалық пәндер бойынша базалық циклдің мамандандырылған блоктарына пререквизиттер ретінде ұсынылған. “Мемлекет және құқық теориясы” пәні барлық салалық пәндердің міндетті пререквизиті ретінде бірінші семестрде оқытылады, ал 7 семестрде студенттерге “Мемлекет және құқық теориясының мәселелері” пәні магистратура пәндерінің пререквизиті ретінде таңдауға ұсынылады, өйткені бұл курс құқықтық шындық мәселелерін анықтау кезінде талдау және шешім беру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

 

 

3 Модуль. Public Law (PBL) – жария-құқық пәндері саласындағы құзыреттерді қалыптастыратын базалық және бейіндік циклдар пәндерінің блогы. Блоктың компоненттері негізінен 2 және 3 семестрде зерттеледі. Олар басқа салалық пәндердің пререквизиттері ретінде ұсынылған. Мәселен, конституциялық құқық пәнін оқуды аяқтамай, азаматтық, қылмыстық құқықты, іс жүргізу пәндерін және т. б. пәндерді оқу мүмкіндігі қарастырылмайды. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық пәні Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу құқығы пәнінен алдын ала оқылуы қажет. Сондықтан бұл курстар басқаларынан бұрын өтеді. Бұл бағдарлама тапсырмаларының дәйекті орындалуына септігін тигізеді.

4 Модуль. Private Law (PRL) – корпоративтік заңгердің негізгі құзыреттерін қалыптастыратын базалық және бейіндік циклдар пәндерінің блогы. Материалдық құқықтың компоненттері екінші семестрден бастап 7 семестр бойы зерттеледі. Іс жүргізу құқығының компоненттері 5, 6 және 7 семестрде оқытылады. Осылайша, бағдарламаның өркениеттік және коммерциялық-құқықтық бағытын байқауға болады. Бағдарлама барлық курстар бойында жеке-құқықтық сипаттағы пәндерге, корпоративтік (коммерциялық) заңгердің құзыретін дамытуға бағытталған арнайы курстарға толы.

 

 

5 Модуль. Languages for Lawyers (LL) – маманның тілдік құзыреттілігін қалыптастыратын базалық цикл пәндерінің блогы. Курстар құқықтық ойлауды, кәсіби мінез-құлық дағдыларын, заңды диалог шеңберінде сөйлеу және мәтін арқылы тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға арналған. Цикл компоненттері 1-ден 3 семестрге дейін оқылады. Аталған блок тіларалық мәдениеттің құзыреттілігін дамытады. Бұл блок міндетті (“English for Specific Purposes”) және таңдау пәндерден (English for Specific Purposes, Business English, Toles Higher) тұрады. Бағдарламаның шетел және тілдік мазмұны көрсетілген блоктың компоненттері арқылы ашылады.

 

 

6 Модуль. Criminal Law (CL) – құқық қорғаушы-заңгердің негізгі құзыреттерін қалыптастыратын базалық және бейіндік циклдар пәндерінің блогы. Материалдық құқықтың компоненттері негізінен 3 және 4 семестрде оқытылады. Іс жүргізу құқығының компоненттері 5 семестрде оқытылады. 2017 жылы білім беру бағдарламаларын реформалау нәтижесінде қылмыстық блок коммерциялық заңгер үшін қажетті минимумға дейін қысқарды және тек заңгерлер оқуға міндетті пәндер түрінде ұсынылған.

 

 

7 Модуль. The legal professions (LP) – жұмыс берушілер ұсынған және мезгіліне сәйкес олардың еркімен өңделетін компонент, сонымен қатар көп жағдайда олар қамтамасыз етеді. Аталған пәндер жекелеген заң мамандықтары бойынша негізгі құзыреттерді қалыптастырады. Олар негізінен 6 және 7 семестрде оқылады.

Minor

Minor Legal IT (М-1)
Minor English Law (М-2)
Minor German Law (М-3)
Minor Business and Law (М-4)
Қабылдауға өтініш беріңіз
Құқықтану
Өтініш беру