MNU Logo

Құқық

Бағдарлама мектебі:
Құқық Жоғары Мектебі

Сипаттама

Оқу ұзақтығы: 4 жыл

Кредит саны: 248 ECTS

Бағдарламаның артықшылықтары:

Құқық (6B04204) бағдарламасы ұлттық, халықаралық және салыстырмалы құқық салаларында іргелі білімге, құқық қолданудың практикалық дағдыларына, аналитикалық ойлауға және заманауи цифрлық құзыреттерге ие жоғары білікті заңгерлерді даярлауға бағытталған. Бағдарлама классикалық заңгерлік білімді практикаға бағдарланған оқытумен ұштастырып, сот жүйесінде, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік органдарда, халықаралық ұйымдарда, бизнес құрылымдарында және заң консалтингі саласында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Оқыту іргелі теориялық дайындықты, құқық салалары бойынша заңнаманы зерделеуді, зерттеу және коммуникациялық дағдыларды дамытуды, сондай-ақ қазіргі заманғы білім беру технологияларын, оның ішінде цифрлық құралдар мен заңгерлік қызметтегі жасанды интеллектті белсенді пайдалануды үйлестіруге негізделген. Бағдарламада заңгерлік жазу, сот шешендігі, құқықтық талдау, дауларды шешу және сот процестерін модельдеу (Moot Court) дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.
Білім беру бағдарламасы аясында студенттер халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі салалары бойынша тереңдетілген даярлауға бағытталған концентрациялардың бірін таңдай алады. Бұл таңдалған оқу траекториясы мен болашақ кәсіби мамандануына сәйкес кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар білім беру бағдарламасы бес майнордың бірін таңдау арқылы білім беру траекториясын дараландыруға мүмкіндік береді. Майнорлар пәнаралық құзыреттерді қалыптастыруға және түлектердің академиялық қызығушылықтары мен қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Бағдарлама түлектері сот төрелігі, мемлекеттік басқару, құқық қорғау қызметі, халықаралық ынтымақтастық, корпоративтік сектор, адвокатура, нотариат және заң консалтингі салаларында табысты кәсіби қызмет атқаруға, сондай-ақ магистратурада оқуын жалғастыруға және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға қажетті білім мен дағдыларға ие болады.

— Қабылдау талаптары —

Білім беру бағдарламасы Оқыту тілі ҰБТ баллы Мемлекеттік грант байқауы үшін ҰБТ баллы Бейіндік пәндер бойынша ҰБТ баллдары Ағылшын тіліне қойылатын талаптар
IELTS TOEFL PET/FCE/CAE
Құқық TBA 75 TBA Дүниежүзі тарихы – 5
Құқық негіздері – 10
3,0/5,5
(абитуриенттің
мамандануына
байланысты)
TBA TBA

Бағдарлама жетекшілері

Бабаджанян Естер Левоновна

Tel: +7(7172) 70 30 41

Mob.:

Email: e_babadzhanyan@kazguu.kz

Смагулова Айман Салимовна

Tel: +7(7172) 70 30 41

Mob.:

Email: a.smagulova@kazguu.kz

Қосымша мамандандыру бағдарламалары

Legal IT (М-1)
English Law (М-2)
German Law (М-3)
Business and Law (М-4)
Қабылдауға өтініш беріңіз
Құқық
Өтініш беру
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз