«7M02321 АУДАРМА ІСІ» БББ гуманитарлық ғылымдар магистрі
Ұзақтығы – 1/2 жыл
Бағдарламаның мақсаты: ауызша және дыбыс-бейне аудармалар саласында жоғары сапалы ілеспе, ізбе-із аудармашыларды даярлау. Сонымен қатар, басқа да аралас салаларда зерттеулер жүргізу дағдыларын жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы технологиялармен жұмыс істеу дағдылары бар мамандар даярлау.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін сіз:
- зерттеулердің сапалық және сандық әдістерін қолданасыз;
- дыбыс-бейне жазу аудармасы дағдыларына ие боласыз;
- автоматтандырылған аударма және аударма жадының бағдарламалары мен жүйелерін пайдалана аласыз;
- ілеспе және жүйелі аударманың озық дағдыларын дамыта аласыз;
- терминологиялық жобалармен жұмыс істейсіз;
- талдау дағдылары мен мәселелерді кешенді шешу дағдыларының ие боласыз.
Негізгі пәндер:
- • ілеспелі аударма;
• ізбе-із аударма;
• тереңдетілген жазбаша аударма;
• терминология;
• CAT құралдарымен жұмыс істеу тәжірибесі;
• аудиовизуалды аудармаға кіріспе;
• субтитрлеу;
• аудиовизуалдық аударма практикасы.