MNU Logo

Экономика, қаржы, бизнес-зерттеулер: MNU-да ғылыми-практикалық конференция өтті

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) III ғылыми-практикалық ISE MNU Student Research Conference – 2025 конференциясы өтті. Дәстүрлі іс-шара MNU құрметті ректоры, мемлекет және қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаевтың 85 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Конференцияға Maqsut Narikbayev University, Astana IT University, Almaty Management University студенттері мен магистранттары, сондай-ақ Қарағанды, Көкшетау және Петропавл қалаларынан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары қатысты. Жас ғалымдарды құттықтай отырып, MNU провосты Сергей Пен студенттерді бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу қызметіне тартудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Applied Economics Research Centre бас директоры Жәнібек Айғазин қолданбалы ғылым мен аналитиканың мемлекеттің өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі рөліне назар аударды.

Конференция аясында өткен постерлік сессия студенттерге кең ауқымды өзекті және маңызды тақырыптар бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік беріп, терең талқылау мен ғылыми идеялармен алмасуға жол ашты. Атап айтқанда, инновациялардың экономикалық өсім мен өнімділікке әсері, әртүрлі криптовалюта биржаларында стейблкойндар арқылы арбитраж мүмкіндіктері, өтпелі экономика елдеріндегі мемлекеттік институттарға сенім деңгейіне әлеуметтік-экономикалық және демографиялық факторлардың ықпалы, сондай-ақ, ESG-тәжірибелердің компаниялардың қаржылық нәтижелілігіне әсері сияқты мәселелер талқыланды. Сараптамалық комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстардың мазмұндық тереңдігі мен талдамалық деңгейін жоғары бағалап, үздік жобалар авторларын марапаттады.

ISE MNU Student Research Conference өткізу жыл сайын университеттің ғылыми ортасын күшейтеді, студенттердің сыни ойлау дағдысын дамытып, жаһандық сын-қатерлер жағдайында тиімді шешімдер ұсына алатын болашақ зерттеушілер, талдаушылар және басқарушыларды даярлауға ықпал етеді.

Саясаттану және халықаралық қатынастар: MNU-да жаңа магистратура ашылады

Maqsut Narikbayev University (MNU) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді кеңейтеді. Жаңа академиялық жылдан бастап Халықаралық экономика мектебінде саясаттану және халықаралық қатынастар магистрлік бағдарламасы іске қосылады.

Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы магистратура талдамалық және сыни ойлауды, сондай-ақ жергілікті және халықаралық еңбек нарығында талап етілетін зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған екі жылдық бағдарлама болып табылады. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Профессорлық-оқытушылық құрам ғылыми дәреже иегерлерінен, жетекші шетелдік ЖОО түлектерінен, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінен, оның ішінде академиялық салада, индустриялық практикада ұлттық және халықаралық деңгейлерде айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар мамандардан тұрады.

Жаңа білім беру бағдарламасына сыни геосаясат, ұлы державалардың сыртқы саясаты, киберқеңістік геосаясаты және геоэкономика курстары кіреді. Сондай-ақ курстар зерттеудің сапалық және сандық әдістері, диссертация жазу және зерттеу практикасы сияқты зерттеу құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бұдан басқа, оқыту бағдарламасында оқытушылық практика мен және жоғары мектептің педагогика курсы қамтылған.

Оқуға түсуге осы сілтеме арқылы өтінім беруге болады. Естеріңізге сала кетейік, MNU-да 10 магистрлік бағдарлама бар («Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Зияткерлік меншік және бизнес құқығы», «Бәсекелестік құқық», «IT құқығы», «Экономика», «Қаржы», «Аударма ісі», «Қолданбалы лингвистика», «Консультативті психология»).

MNU-да «Маркетинг» мамандығы беделді британдық аккредитацияға ие болды

MNU-да «Маркетинг саласындағы іскерлік әкімшілендіру» бакалавриат бағдарламасы 1911 жылы Ұлыбританияда құрылған әлемдегі жетекші маркетинг институттарының бірі – The Chartered Institute of Marketing (CIM) аккредитациясынан өтті. Бұл Maqsut Narikbayev University білім беру бағдарламаларының жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растайды және студенттерге жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашады.

Британдық аккредиттеуден бөлек, MNU Халықаралық экономика мектебі ASC CIM Academy of Marketing (Орталық Азия маркетологтарына арналған CIM оқу орталығы) ұйымымен ынтымақтастық туралы жариялады. Бұл серіктестік студенттерге беделді британдық білім мен маркетинг бойынша диплом алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, MNU-дағы «Маркетинг бойынша BBA» бағдарламасы маркетинг саласында табысты мансап құру үшін қажетті аналитикалық және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Оқу жоспары стратегиялық шешім қабылдау, нарықты терең талдау, тұтынушылар мінез-құлқы және тиімді маркетингтік стратегияларды әзірлеуге назар аударады. Бағдарлама мемлекеттік стандарттарға, саланың қазіргі талаптарына және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес әзірленген.

CIM және ASC CIM Marketing Академиясымен ынтымақтастық студенттерге не береді?

– Халықаралық аккредиттеу және бүкіл әлем бойынша дипломды тану

– Тәжірибеге және нақты кейстерге бағытталған оқу

– Цифрлық маркетинг, тұрақтылық және этика туралы өзекті білім

– Жұмыс берушілер талап еткен британдық диплом алу мүмкіндігі.

CIM 100 жылдан астам уақыт бойы маркетингтік білім беру стандарттарын белгілеп келеді және бүкіл әлем бойынша мамандардың кәсіби дамуын қолдайды. Осы аккредиттеу арқылы MNU өзінің бағдарламасының әлемдік талаптарға сәйкестігін растайды және болашақ маркетологтарды даярлауда өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі ұстанымын күшейтеді.

Айта кетейік, бұған дейін MNU Халықаралық экономика мектебінің «Бухгалтерлік есеп саласындағы іскерлік әкімшілендіру» және «Қаржы саласындағы іскерлік әкімшілендіру» бакалавриат бағдарламалары қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы жетекші халықаралық кәсіби ұйымдардың бірі – сертификатталған алқабилер бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) аккредиттеуінен сәтті өткен болатын. Сонымен қатар, «Менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру» және «Экономика және деректер ғылымы саласындағы іскерлік әкімшілендіру» бағдарламалары «Атамекен» ҚР ҰКП Білім беру бағдарламалары рейтингінде Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындары арасында бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, MNU бағдарламалары Ұлыбританияның QAA агенттігімен және Еуропаның FIBAA агенттігімен аккредиттелген.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз