MNU Logo
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ: ADMISSION ҰЖЫМЫНЫҢ АРҚАСЫНДА УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАЛАЙ ТЕЗ БЕЙІМДЕЛУГЕ БОЛАДЫ - MNU

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ: ADMISSION ҰЖЫМЫНЫҢ АРҚАСЫНДА УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАЛАЙ ТЕЗ БЕЙІМДЕЛУГЕ БОЛАДЫ

Post Image
31.07.2024

Maqsut Narikbayev University жоғары білім беру арқылы сізге жаңа көкжиектерді бағындырып, өз мансап жолыңызды құруға мүмкіндік береді.  Университетке түсудің алғашқы қадамдары ҰБТ, MNU қабылдау емтихандарын тапсыру және барлық қажетті құжаттарды тапсырудан басталады. Құжаттар талапкерлерге қабылдау мәселелерін шешуге көмектесетін университеттің маңызды құрылымдық бөлімшесі – қабылдау комиссиясына тапсырылады.

Admission ұжымы түсу ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімдері және белгілі бір мамандық үшін қажетті түсу емтихандары туралы өзекті ақпаратты ұсынады. Maqsut Narikbayev University жалпы орта, орта білімнен кейінгі, техникалық, кәсіптік және жоғары білімі бар талапкерлерді қабылдайды.

MNU түсу жолдары:

  • • республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінетін мемлекеттік білім беру гранты арқылы;
  • • ақылы негізде, өз қаражаты немесе басқа көздер есебінен;
  • • MNU ішкі  гранттары арқылы.

Жыл сайын университет ішкі гранттар конкурсын – MNU Maqsut Narikbayev Scholarship Республикалық олимпиадасын өткізеді. Бұл университеттің ішкі ресурстарын пайдалануға және тегін оқуға тамаша мүмкіндік.

Мектеп түлектері құжаттарды 1 маусымнан 25 тамызға дейін тапсыра алады. Университетке қабылдау үшін ҰБТ сертификаты (шекті баллмен), орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат (11/12 сыныптар) және келесі құжаттар болуы керек:

  • • жалпы орта , техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • • 3×4 өлшемді 6 фотосурет (онлайн және түпнұсқа);
  •  • 075-У нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа);
  • флюорография (түпнұсқа);
  • • ҰБТ сертификаты;
  • • білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (бар болған жағдайда); 
  • • ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (IELTS/TOEFL / Cambridge Exam/Duolingo);
  • • талапкерлерді ХЭМ, ЖҚМ, ХЖМ және ЖГМ қабылдау жөніндегі Жоғары Мектеп комиссиясының оқуға қабылдау туралы хаттамасы (бар болса); 
  • • жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі (егер оқуға түсуші кәмелетке толмаған болса);
  • • тіркеу куәлігінің немесе әскери билеттің көшірмесі (ұлдар үшін);
  • • біржолғы төлемді төлеу туралы түбіртек.

Сондай-ақ, MNU білім беру бағдарламаларына түсу үшін міндетті шарттардың бірі KEPT емтиханын тапсыру (қазақ және орыс тілдерін меңгеруге арналған ішкі тест), сондай-ақ ағылшын тілін меңгеру бойынша халықаралық сертификаттың болуы (IELTS/TOEFL/Cambridge Exam/Duolingo).

Магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттардың жеке тізбесі бар.

Магистратура бағдарламаларына түсушілер үшін құжаттар тізбесі:

  • • жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа); 
  • • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
  • • 3×4 өлшемді 6 фотосурет (онлайн және түпнұсқа); 
  • • 075-У нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа); 
  • • флюорография (түпнұсқа);
  • • кешенді тестілеуді (КТ)тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі; 
  • • біржолғы төлемді төлеу туралы түбіртек.

Докторантура бағдарламасына “Магистр” дәрежесі бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, көлемі кемінде 120 ECTS болатын жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті немесе ұқсас кәсіптік оқу бағдарламасын меңгерген адамдар қабылданады. Докторантура бағдарламаларына түсушілер мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • • отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісілген Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі; 
  • • жеке куәліктің көшірмесі; 
  • •білім туралы құжат (түпнұсқа); 
  • • шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат; 
  • • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса); 
  • • 3×4 өлшемді 6 фотосурет (түпнұсқа және онлайн); 
  • • 075-У нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа);
  • • флюорография (түпнұсқа); 
  • • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі болған кезде);
  • • біржолғы төлемді төлеу туралы түбіртек.

Admission ұжымы әрқашан кеңес беру жұмыстарын толықтай жүргізеді. Қабылдау комиссиясының ұжымы – бұл жас ұрпақтың қажеттіліктері мен тілектерін толық түсінетін жас мамандар. Осылайша, егер талапкер білім беру бағдарламасын таңдауда күмәнданса, онда қабылдау комиссиясының қызметкерлері болашақ маманның ішкі әлеуетін ашатын мамандықты таңдауға көмектеседі. Қабылдау комиссиясының өзекті жаңалықтарын біздің ресми Instagram аккаунтымыздан біле аласыз @mnu.kz.

Толығырақ ақпарат алу үшін және бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу талаптары жайлы ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласыңыз:

  1. Бакалавриат бағдарламаларына түсушілер үшін:

Нөмір: +7(700)-170-30-30

WhatsApp: +7(775)-578-40-10

  1. Магистратура және докторантура бағдарламаларына түсушілер үшін:

WhatsApp: +7(702)-103-17-36

Электронды пошта: admission@mnu.kz

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-Жұма: 9:00 – 18:00

Сенбі-Жексенбі: 10:00 – 16:00

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз