Maqsut Narikbayev University 2026-2027 оқу жылының көктемгі семестрінде өзін-өзі қаржыландыру шартымен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін қосымша орындар ашылғанын хабарлайды.
Іріктеуге кемінде 60 ECTS кредитін игерген бакалавриат студенттері, сондай-ақ магистратура және докторантура білім алушылары қатыса алады.
Іріктеу критерийлері:
• GPA деңгейі – кемінде 2.5;
• ағылшын тілін меңгеру деңгейі – кемінде B2.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 6 қараша
Өтінім мен қажетті құжаттарды Smart MNU жүйесінің веб-нұсқасы арқылы тапсыру қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
• белгіленген нысан бойынша білім алушының өтініші (жүктеу);
• шетел паспортының скан-көшірмесі;
• ағымдағы оқу жылындағы оқу үлгерімі туралы транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
• шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridge English, Duolingo). IELTS/TOEFL тапсыру міндетті болып табылатын елдер: Бельгия
• белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама (жүктеу)
• үміткердің академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде білім алуына ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу);
• қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыным хаттар (болған жағдайда);
• таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);
• төмендегі санаттардың біріне жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда):
— көпбалалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы анықтама;
— ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін);
— студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары мен ұсынылатын пәндердің тізімімен алдын ала танысып, таңдаған курстарыңызды оқу бағдарламасына сәйкес эдвайзермен келісуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық бөліміне mobility@kazguu.kz электрондық поштасы, Instagram желісіндегі @mnu_international парақшасы арқылы немесе №220 кабинетке жеке келіп хабарласуыңызды сұраймыз.
| Ел | Университет | Білім беру бағыттары | Орын саны | Fact Sheet | Курстары |
| Бельгия | Льеж университеті (University of Liège) | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық | 2 | https://www.international.uliege.be/cms/c_17657125/fr/international | https://www.programmes.uliege.be/cocoon/20262027/en/programmes/GZERAS01_C.html |
| Латвия | Turiba университеті (Turiba University) | Туризм | 2 | https://www.turiba.lv/storage/files/exchange-students-guide-2026-2027.pdf | https://nodarbibas.turiba.lv/apmainas_progr_en.asp?progr=1225 |
| Қытай | Бейжің тіл және мәдениет университеті (Beijing Language and Culture University) | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 2 | https://drive.google.com/file/u/0/d/11oleiu_P4H3kNQVSC9whjjhxhqkYTlMk/view?usp=drivesdk | https://admission.blcu.edu.cn/en/38/list.htm |