MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев университеттің студенттік активімен кездесті. Іс-шара ашық диалог форматында өтті.
Кездесуде студенттік ұйымдардың белсенді мүшелері бас қосты. MNU басшысы университеттің стратегиясы мен даму бағыттары, академиялық адалдық қағидаттары мен білім беру процесінің жоғары стандарттарын сақтау, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми жобаларды кеңейтудің маңыздылығы туралы айтты. Ол сондай-ақ оқу пәндеріне жасанды интеллектіні енгізудің артықшылықтарына кеңінен тоқталды.
Бейресми жағдайда студенттер Басқарма төрағасына оқу, мотивация және мансап туралы өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Талғат Нәрікбаев кәсіби өміріндегі оқиғаларымен бөлісіп, кітап оқу мен тайм-менеджментті дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, ол жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға және олардың өзекті мәселелерін ескеруге дайын екенін растады.
Айта кетейік, жақын арада студенттердің университеттің басқа да топ-менеджерлерімен кездесулерін ұйымдастыру жоспарланған.




