
Maqsut Narikbayev University-де (MNU) ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қаржылық қауіпсіздігі бойынша дәрісі өтті. Агенттік қызметкерлері студенттерге кибер алаяқтықтың негізгі түрлері мен олармен күресу тәсілдері туралы айтып берді.
Іс-шара осы аптада бүкіл республика бойынша өткізілетін ҚМА қонақ дәрістерінің аясында өтті. Агенттікте мәлімдегендей, бұл жастар үшін өздерін және жақындарын қаржылық алаяқтардан қалай қорғау керектігін білудің тамаша мүмкіндігі. Қазіргі таңда, олардың саны ұдайы өсіп келеді және жастар көбінесе кибер алаяқтардың арбауына тап болады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз халық арасында, әсіресе жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша белсенді жұмысты бастадық. Бүгінгі таңда алаяқтық қаржы пирамидаларынан бастап телефон және кибер шабуылдарға дейін күрделеніп келеді. Біз студенттерге алаяқтардың қалай әрекет ететінін, салдары қандай болатынын және өздерін және жақындарын қорғау үшін не істеу керектігін түсіндірдік», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.
Сондай-ақ, МNU түлегі болып келетін ҚМА төрағасының орынбасары жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Айта кетейік, 2025 жылғы 21-24 мамыр аралығында студенттер мен оқушыларға арналған қаржылық қауіпсіздік бойынша Олимпиада өткізіледі. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сертификаттарға, Ресейдегі халықаралық олимпиадаға қатысуға, сондай-ақ ҚМА-ға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

