Maqsut Narikbayev University Бизнес мектебі республикадағы алғашқы Mini MBA бағдарламасын қазақ тілінде ұсынды. Курс динамикалық нарық жағдайында өз біліктілігін арттыруға ұмтылатын менеджерлерге, кәсіпкерлерге және мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бағдарламаның тұсаукесері “Қазақ тілі” халықаралық қоғамының, “Атамекен” ҚР ҰКП өкілдерінің және жетекші бизнес-сарапшылардың қатысуымен өтті.
Жаңа бағдарлама бизнестің өзекті қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген және негізгі басқарушылық дағдылар мен іскерлік коммуникацияны мемлекеттік тілде меңгергісі келетін тыңдаушыларға арналған. Mini MBA бағдарламасының ерекшеліктеріне мамандарға бейімделген икемді оқу форматы, интерактивті сабақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер, сондай-ақ нақты бизнес-ортада алған білімді қолдану жатады. MNU Бизнес-мектебінің директоры Рафхат Бозбалиев атап өткендей, бағдарламаға тіркелу ашық.

“Бүгін біз республикада іскерлік білім беруді дамытудың жаңа бағытын ашамыз. “Іскерлік сана” орталығымен бірлесіп әзірленген бұл бағдарлама қазақ тілінің кәсіби ортадағы рөлін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Mini MBA бағдарламасы сапалы бизнес-білім беруді мемлекеттік тілде қолжетімді етіп қана қоймай, тыңдаушылар үшін мансаптық перспективалар ашады”, – деді Maqsut Narikbayev University Бизнес-мектебінің директоры Рафхат Бозбалиев.
Айта кетсек, MNU Бизнес-мектебінде білім алудың артықшылықтарына бизнес-стратегиялар, компанияның қазақ тіліндегі кеңістігі мен сыртқы жағдайдағы мәнмәтінің байқап білу, оқу нәтижесі бойынша мемлекеттік үлгідегі сертификат алу, жетекші отандық компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігі, кейстер мен жобалармен практикалық жұмыс жасау, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді, командамен жұмыс істеу дағдыларын және бизнес-этиканы түсіну жатады. Аталған бағдарламаның іске қосылуы бәсекеге қабілетті басқарушы кадрларды дамытуға деген ұмтылысты, сондай-ақ қазақ тілін іскерлік коммуникация мен кәсіби дамудың маңызды құралы ретінде қолдауды көрсетеді.
Оқу ұзақтығы – 1 ай, бағдарлама “Менеджмент және стратегия”, “Адам ресурстарын басқару”, “Қаржы” және “Көшбасшылық” блоктарын қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, Maqsut Narikbayev University Бизнес Мектебі MBA, EMBA, DBA бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды. Тыңдаушылар MNU дипломымен қатар Swiss International School of Business (Швейцария) дипломын да ала алады. 15 жылдан астам уақыт ішінде мектеп 2000-нан астам білікті маман даярлап шығарды. Сонымен қатар, бағдарламалар беделді FIBAA және FIBAA Premium халықаралық аккредитацияларынан өткен.
