MNU Logo
MNU мен Бейжің халықаралық төрелік орталығы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - MNU

03.09.2026

MNU мен Бейжің халықаралық төрелік орталығы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Maqsut Narikbayev University (MNU) мен Бейжің халықаралық төрелік орталығы (BIAC) ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Тараптар заңгерлік білім беру бағдарламаларын дамытуға келісті.

Келісімге Қарамай қаласында (ҚХР) Бейжің халықаралық төрелік орталығының Орталық Азия бөлімшесі қызметінің бір жылдығына арналған іс-шара аясында қол жеткізілді. Меморандумға MNU Провосты Анар Ибраева мен BIAC Төрағасы Го Вэй қол қойды. Құжат университетте «Халықаралық төрелік» бағыты бойынша қосымша мамандандыруды (minor) іске қосуды көздейді.

Практикалық оқыту бағдарламасын әзірлеумен BIAC тәжірибелі салалық сарапшылары айналысады. Бұл студенттерге заңгерлік ағылшын тілін меңгеру, заң құжаттарын жасау, халықаралық төрелік саласында келіссөздер жүргізу бойынша дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар кәсіптік тағылымдамалар және студенттердің осы салада заң қызметін көрсетуге қатысуы көзделген.

Бұдан басқа, Анар Ибраева «Бір белдеу және бір жол» бастамасының серіктес елдері арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу жөніндегі семинарға қатысты. Қазақстан, Қытай және Өзбекстан жоғары оқу орындарының өкілдері Орталық Азиядағы төрелік жүйелерін реформалау, сондай-ақ заң білімін дамыту және іскерлік ортаны оңтайландыру мәселелерін талқылады. Анар Ибраева MNU-дағы заң білімінің жасанды интеллект пен өзгермелі құқықтық ландшафтқа бейімделуі туралы айтып берді.

Айта кетейік, бұған дейін Бейжің тіл және мәдениет университеті және Қытай саяси ғылымдар және құқық университетімен бірлескен бағдарламалар ашу туралы меморандумдарға қол қойған болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз