MNU Logo
Халықаралық экономика мектебі мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі «Қаржылық барлау және қаржылық қауіпсіздік» майнор бағдарламасын іске қосады - MNU

15.12.2025

Халықаралық экономика мектебі мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі «Қаржылық барлау және қаржылық қауіпсіздік» майнор бағдарламасын іске қосады

Құрметті студенттер!

Халықаралық экономика мектебі мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде «Қаржылық барлау және қаржылық қауіпсіздік» майнор бағдарламасын іске қосады.

Бұл майнор студенттерге ақшаны заңдастыру (жылыстату), салықтан жалтару және қылмыстық әрекеттерді қаржыландыру сияқты қаржылық қылмыстарды анықтау мен алдын алу дағдыларын меңгеру үшін бухгалтерлік есеп пен қаржының негізгі білімін, деректерді басқару және визуализациялау дағдыларын, сондай-ақ комплаенс пен қаржылық барлау негіздерін біріктіреді.

Маңыздысы, бұл майнор жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндіктер ашады. ТЖ/ҚҚҚ (кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл) саласы қарқынды дамып келе жатқандықтан, жаңа мамандарға деген сұраныс артуда. Майнор түлектері Қаржылық мониторинг агенттігінде, АХҚО-да (AIFC), сондай-ақ банк секторында және басқа да қаржы ұйымдарында Комплаенс-офицер немесе Қаржылық қылмыстар жөніндегі сарапшы сияқты лауазымдарға бәсекеге қабілетті кандидаттар болады.

Аталған майнор ХЭМ МНУ-да оқытылатын бірқатар пәндерді және ақшаны заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мен комплаенске (AML/CFT & Compliance) арналған жаңа курсты қамтиды. Бұл курстан Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінде қызмет ететін Данат Байбулов (MSc, Колумбия университетінің Халықаралық және қоғамдық қатынастар мектебі, АҚШ) дәріс береді.

Майнорды аяқтаудың қосымша талабы – тиісті салада тағылымдамадан (практикадан) өту.

Егер көктемгі семестрде AML/CFT & Compliance курсына тіркелгіңіз келсе, эдвайзерлер офисіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Instagram

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз