MNU Logo
MNU 23-ШІ РЕТ ДЖЕССОП КУБОГЫНДА ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ - MNU

MNU 23-ШІ РЕТ ДЖЕССОП КУБОГЫНДА ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Post Image
19.02.2025

Бішкекте Филип Джессоп атындағы Халықаралық құқық бойынша байқаудың Орталық Азия раундтары өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Maqsut Narikbayev University Құқық Жоғары мектебінің студенттері Қазақстан чемпионы атанды.

Үш күн бойы MNU командасы Алматының бес жоғары оқу орнының өкілдерімен (Narxoz University, Suleyman Demirel University, Caspian University, KIMEP University, Almaty Management University) сайысқа түсті. Халықаралық құқық бойынша жоғары деңгейдегі дайындығының нәтижесінде олар жеңімпаз атанып, «Үздік спикер» және «Үздік жазбаша жұмыс» номинацияларында топ жарды. Осылайша, біздің студенттер АҚШ-та өтетін байқаудың негізгі кезеңінде Қазақстан атынан бақ сынайды.

«Maqsut Narikbayev University 20 жылдан астам уақыт бойы халықаралық жария құқығы бойынша ең беделді байқаудың әлемдік раундтарында ел намысын абыроймен қорғап келеді. Бұл – студенттерінің дайындығы әрдайым жоғары деңгейде екенін көрсететін айқын дәлел. Биыл да сол дәстүр жалғасып, біздің команда Қазақстан чемпионы атанып, Вашингтонға жолдама жеңіп алды. Жеңімпаздарымыз – Меруерт Жадренова, Майя Котова, Анель Сапарғалиева, Малика Есжан және Аян Қалымбековті шын жүректен құттықтаймын! Сондай-ақ командаға жетекшілік еткен бас бапкер Себастьен Лафрансқа алғысымды білдіремін. Алда шешуші сайыс күтіп тұр, және біз лайықты нәтиже көрсету үшін барымызды саламыз», – деп атап өтті MNU Құқық жоғары мектебінің деканы Ольга Бектибаева.

Еске сала кетейік, Филип Джессоп атындағы байқау 1959 жылдан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық құқық бойынша ең ірі сайыстардың бірі болып табылады. Ол БҰҰ-ның Халықаралық сотында қаралатын істің имитациясы түрінде өтеді. Әлемдегі ең беделді студенттік сот жарысына жыл сайын 90-нан астам елдің 600-ден астам университетінен 2 000-ға жуық студент қатысады. Биылғы финалдық кезең 2025 жылдың сәуір айында Вашингтон қаласында өтеді.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз