Maqsut Narikbayev University 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Студенттер Қытай, Германия, Франция, Түркия, Оңтүстік Корея, Чехия, Венгрия, Дания, Испания, Литва, Польша, Индонезия және Грузия университеттерінің бірінде бір семестр оқуға мүмкіндік алады.
Іріктеуге кемінде 60 ECTS кредитін игерген бакалавриат студенттері, сондай-ақ магистратура және докторантура білім алушылары қатыса алады.
Іріктеу критерийлері:
- GPA деңгейі – кемінде 2.5, Erasmus+ бағдарламасы бойынша — кемінде 3.0;
- ағылшын тілін меңгеру деңгейі – кемінде B2.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 1 қазан
Өтінім мен қажетті құжаттарды Smart MNU жүйесінің веб-нұсқасы арқылы тапсыру қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
- белгіленген нысан бойынша білім алушының өтініші (жүктеу);
- шетел паспортының скан-көшірмесі;
- ағымдағы оқу жылындағы оқу үлгерімі туралы транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
- шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridge English, Duolingo). IELTS/TOEFL тапсыру міндетті болып табылатын елдер: Дания, Германия, Бельгия, Корея Республикасы;
- белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама (жүктеу);
- үміткердің академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде білім алуына ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу);
- қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыным хаттар (болған жағдайда);
- таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);
- төмендегі санаттардың біріне жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда):
- көпбалалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы анықтама;
- ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін);
- студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары мен ұсынылатын пәндердің тізімімен алдын ала танысып, таңдаған курстарыңызды оқу бағдарламасына сәйкес эдвайзермен келісуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық бөліміне mobility@kazguu.kz электрондық поштасы, Instagram желісіндегі @mnu_international парақшасы арқылы немесе №220 кабинетке жеке келіп хабарласуыңызды сұраймыз.
Серіктес университеттердің тізімі ақпараттың келіп түсуіне қарай жаңартылып отырады!
Өзін-өзі қаржыландыру бағдарламасы бойынша серіктес университеттердің тізімі
Корея Республикасы:
| Солбридж Халықаралық бизнес мектебі, Вусонг Университеті (Woosong University), Тэджон | Іскерлік әкімшілендіру | 2 |
| Incheon National University, Инчхон | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 1 |
| Халықаралық қатынастар | 1 |
Чехия:
| Ostrava University, Острава | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика, Экономика, Қаржы, Менеджмент | 5 |
| Mendel University, Брно | Іскерлік әкімшілендіру | 2 |
Венгрия:
| University of Dunaújváros, Дунайварош | Іскерлік әкімшілендіру | 2 |
Франция:
| Париж 8 Университеті (Université Paris 8), Сен-Дени | Халықаралық қатынастар (Француз тілі – B1) | 4 |
| Тулуз Университеті (Sciences Po Toulouse), Тулуза | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық(Political Science) | 2 |
| Париж Нантер Университеті (Université Paris Nanterre), Париж | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық(Political Science) | 4 |
Испания:
| Хаэн Университеті (University of Jaén), Хаэн | Іскерлік әкімшілендіру, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 3 |
| Алкала Университеті (Sciences Po Toulouse), Тулуза | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 2 |
Германия:
| Рейн-Вааль Университеті (Rhein Waal Hochschule), Клеве | Іскерлік әкімшілендіру, Халықаралық қатынастар | 3 |
| Хоф Университеті (Hof university), Хоф | Іскерлік әкімшілендіру | 2 |
| Нордхаузен қолданбалы ғылымдар университеті (Nordhausen University of Applied Sciences), Тюрингия | Іскерлік әкімшілендіру | 2 |
| Киль Университеті (Kiel University), Киль | Іскерлік әкімшілендіру | 2 |
Литва:
| Vilnius University, Вильнюс | Халықаралық құқық, Құқық, Құқықтану | 5 |
Польша:
| Университет WSB (WSB University), Домброва-Гурнича | Менеджмент, IT Бизнес, Халықаралық қатынастар | 2 |
Түркия:
| Yalova University, Ялова | Бизнес-әкімшілендіру, Халықаралық қатынастар | 3 |
| Bahçeşehir University, Ыстамбул | Журналистика | 2 |
| Психология | 2 |
Грузия:
| Caucasus International University, Тбилиси | Бизнес-әкімшілендіру | 2 |
| Georgian Institute of Public Affairs, Тбилиси | Журналистика | 2 |
| Психология | 2 | |
| Batumi Shota Rustaveli State University, Батуми | Халықаралық құқық, Құқық, Құқықтану, Туризм, Бизнес-әкімшілендіру, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 4 |
| Ivane Javakhishvili Tbilisi State University, Тбилиси | Психология, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 3 |
Әзірбайжан:
| ADA University, Баку | Журналистика | 2 |
| Қолданбалы лингвистика | 1 |
Қытай:
| Northwest University, Сиань | Халықаралық құқық, Құқықтану, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 1 |
| Zhongnan University of Economics and Law, Ухань | Халықаралық құқық, Құқықтану, Бизнес-әкімшілендіру | 1 |
| China University of Political Science and Law, Пекин | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science) | 1 |
| Shanghai University of Political Science and Law, Шанхай | Халықаралық құқық (Political Science) | 1 |
Индонезия:
| Pertamina university, Джакарта | Халықаралық қатынастар, Менеджмент, Экономика | 5 |