Бүгін Maqsut Narikbayev University Қытайдың жетекші білім беру мекемелерінің бірі Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінің (SHUPL) өкілдерімен ресми кездесу өткізді.
SHUPL заң саласындағы мамандарды даярлаудың жоғары деңгейімен, сондай-ақ қытайлық және халықаралық студенттер үшін академиялық және ғылыми зерттеулерге кең мүмкіндіктер ұсынуымен танымал. Университет заң білімі саласында көп жылдық тарихқа ие және Қытайдың үздік заң университеттерінің қатарына кіреді.
Кездесудің шарықтау шегі екі оқу орны арасындағы серіктестікті ресми түрде бекітетін Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою болды. Бұл құжат бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын, студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламасын іске асыру үшін, сондай-ақ халықаралық деңгейде академиялық ұтқырлық пен ынтымақтастықты нығайту үшін негіз болады.