15 желтоқсан 2023 жылы Maqsut Narikbayev University-де әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебі аясында құрылған Animal Law Center — Жануарлар құқығы орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа орталық Қазақстанда жануарлардың құқықтарын ғылыми жобалар, талдамалық зерттеулер және қоғамдық бастамалар арқылы зерттеуге, қорғауға және ілгерілетуге бағытталған. Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасы Талғат Нарикбаев ашылу барысында: «Жануарлар өздерін өздері қорғай алмайды, сондықтан олар біздің көмегімізге мұқтаж. Олардың да біз сияқты өмір сүруге құқығы бар, және біз оларды күтуге тиіспіз», — деп атап өтті. Бұл сөздер Орталықтың миссиясын айқындайды — жануарлардың құқықтары тек мойындалатын ғана емес, сонымен бірге заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілетін қоғам қалыптастыруға жәрдемдесу. Орталық ғалымдарды, тәжірибелі заңгерлерді, сарапшылар мен жануарларды қорғаушыларды біріктіре отырып, жануарларға жауапты және саналы қатынас арқылы қоғамды гуманизациялауға ұмтылады. Ашылу сәтінде Animal Law Center бірқатар негізгі жобаларды іске асыруға кірісіп кеткен болатын, олардың қатарында: жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсатында пайдалану саласын құқықтық реттеу, ветеринарлық және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аңшылық туризмнің құқықтық аспектілері, жануарларға қатыгездік танытқаны үшін құқықтық жауапкершілік, баспаналардағы қаңғыбас жануарларды ұстау жағдайларын жақсарту, сондай-ақ жануарларға жауапты қатынасты қалыптастыру бойынша халықты ағарту. Осы жобалардың әрқайсысы жануарларды қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеу мен заңнаманы жетілдіруге, тірі табиғатқа адамгершілікпен қарауды нығайтуға және қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
15.12.2023
Animal Law клубының ашылуы
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
04.11.2026
MNU-да Сеул киберуниверситетімен қос диплом бағдарламасын дамыту мәселесі талқыланды
Maqsut Narikbayev University-де Сеул киберуниверситетінің (Корея) делегациясы болды. Серіктес жоғары оқу орнының өкілдері MNU басшылығымен...
03.11.2026
АХҚО Сотының төрағасы MNU-да сөз сөйледі
В Maqsut Narikbayev University прошла гостевая лекция председателя Суда Международного финансового центра «Астана» Лорда Бернетта...
02.11.2026
Корей мәдениеті гастрономия арқылы: MNU-да тақырыптық шеберлік сыныбы өтті
Maqsut Narikbayev University студенттері Корея Республикасының гастрономиялық дәстүрлерімен танысты. Жоғары оқу орнында тақырыптық шеберлік сыныбы...