Maqsut Narikbayev University-де жаңа Азаматтық кодекс әзірлеуді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Сарапшылар цифрлық экономика тұрғысынан заңнаманы жетілдіру және қайта қарау жөнінде пікір алмасты.
Пікірталас Мемлекет басшысының осы аптада Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігі туралы бастамасын жүзеге асыруға бағытталды. Іс-шараға Құрылтай вице-спикері Нұрлан Бекназаров бастаған депутаттар, MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және жоғары оқу орнының ғалым-заңгерлері, Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов, сондай-ақ сарапшылар мен журналистер қатысты. Дөңгелек үстел Құрылтай және «Әділет» партиясымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шара мемлекеттік органдар, ғылыми және сарапшылар қоғамдастығының пікірлерін біріктіретін маңызды кәсіби алаңға айналды. Қатысушылар мемлекеттің құқықтық егемендігін нығайтуға және елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге көмектесетін жаңа Азаматтық кодексті қабылдаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Пікірталас барысында МNU профессорлары мазмұнды баяндамалар жасады.





Іс-шара қорытындысы бойынша Азаматтық кодекс жобасын әзірлеуге барлық тараптардың сараптамалық заң қоғамдастығымен бірге барынша бірлесіп әрекет етудің маңыздылығы атап өтілді.