Maqsut Narikbayev University-де 8D04112 – «Іскерлік әкімшілендіру (DBA)» білім беру бағдарламасы бойынша DBA дәрежесін алу үшін Қожахметов Тимур Сабитұлының «Қарағанды облысындағы медициналық мекемелердің коммерциялық қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторлары» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының қорғалуы өтеді.
Диссертациялық жұмыс Бизнес мектебінде орындалған.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ғылыми консультанттар:
Омаркулов Бауыржан Каденович – медицина ғылымдарының кандидаты, Қарағанды медициналық университеті ҰАҚ отбасылық медицина кафедрасының профессоры;
Асылбекова Лейла Өмірзаққызы – психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, Maqsut Narikbayev University профессоры.
Ресми рецензенттер:
- Абугалиева Тлеужан Оразалиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі;
- Аубакирова Алтынай Тлешовна – экономика ғылымдарының кандидаты, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Қаржы» кафедрасының доценті.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы:
Аукен Вильмур Муратбекұлы – экономика ғылымдарының докторы, экономика саласындағы PhD докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері:
- Бабажанова Жанат Абдуманаповна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің экономика саласы бойынша қауымдастырылған профессоры, Халықаралық өңірлік менеджмент академиясының (РАМ) академигі, «Болашақ» қауымдастығының, Қазақстан ғалымдары қауымдастығының және Демографтар қауымдастығының мүшесі;
- Нурмуханов Жансултан Каиржанович – саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар саласындағы PhD докторы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
- Рыскелді Олжас Қанатулы – PhD докторы, «Synergy Coffee» ЖШС құрылтайшысы және директоры, «Smart Asian Business Relations» компаниясының жетекшісі;
- Тәуіпбаева Мөлдір Сұлтанбекқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.
Комиссия хатшысы: Maqsut Narikbayev University Бизнес мектебінің білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Байтасова Гульжан.
Қорғау рәсімі 2026 жылғы 20 тамызында сағат 10:00-де Maqsut Narikbayev University-де өтеді: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8, 401 аудитория.
DBA докторлық диссертациясын қорғауға қосылу үшін: https://us06web.zoom.us/j/85767706715
Конференция сәйкестендіргіші: 857 6770 6715 Қол жеткізу коды: qZ5t98