2024 жылғы 22-23 ақпанда Назарбаев Университетінде “Impact Central: Bridging Social Development and Entrepreneurship in Central Asia” атты халықаралық конференция өтті.
Конференцияның серіктестері ретінде Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындары – Орталық Азияның Америка университеті (AUCA), SDU, KIMEP және MNU қатысты.
ХЭМ 30-дан астам студенті тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы өз жобаларын таныстырды. Жобалардың ғылыми жетекшісі – Назарбаев Университетінің профессоры, MNU-дің шақырылған профессоры доктор Анджан Гош, ол университеттер арасындағы серіктестік аясында бакалавриат студенттеріне “Introduction to Sustainable Development” пәнін оқытады.
Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар ретінде төмендегілер танылды:
• Empowering Tomorrow’s Leaders: Teach for Qazaqstan’s Social Impact Journey — Гүлканат Мұхитова
• Empowering Communities: BI Group’s Contribution through IQanat High School of Burabay — Темірбулатова Дильназа, Жансултанова Алсу, Ыхсан Аягөз, Шамратқызы Әсел
• Air Astana’s Sustainable Development Approach — Әсел Амангелді, Марпия Кабдрашитова, Назия Коспанова
Біз студенттерімізді сәтті баяндамаларымен шын жүректен құттықтаймыз және профессор Анджан Гош пен NURCE орталығының әріптестеріне жемісті ынтымақтастық пен жаңа мүмкіндіктер жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
27.02.2024
“Impact Central: bridging Social Development and Entrepreneurship in Central Asia” халықаралық конференциясы
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
12.06.2026
MNU-да ағылшын тілінен халықаралық емтиханға дайындықтың әдістемелері туралы айтылды
Астана қаласының ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына халықаралық емтиханға сәтті дайындықтың әдістемелері туралы айтылды. Maqsut Narikbayev...
11.06.2026
Әділет министріне құқықты цифрландыру бойынша MNU жобасы таныстырылды
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Maqsut Narikbayev University-де болды. Ведомство басшысы құқықты цифрландыру саласындағы «Legal...
10.06.2026
ҰБТ рекордсмендері MNU-ды таңдауда
Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 140 балл жинаған төрт мектеп түлегі жоғары оқу орнын таңдады....