15 желтоқсан 2023 жылы Maqsut Narikbayev University-де әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебі аясында құрылған Animal Law Center — Жануарлар құқығы орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа орталық Қазақстанда жануарлардың құқықтарын ғылыми жобалар, талдамалық зерттеулер және қоғамдық бастамалар арқылы зерттеуге, қорғауға және ілгерілетуге бағытталған. Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасы Талғат Нарикбаев ашылу барысында: «Жануарлар өздерін өздері қорғай алмайды, сондықтан олар біздің көмегімізге мұқтаж. Олардың да біз сияқты өмір сүруге құқығы бар, және біз оларды күтуге тиіспіз», — деп атап өтті. Бұл сөздер Орталықтың миссиясын айқындайды — жануарлардың құқықтары тек мойындалатын ғана емес, сонымен бірге заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілетін қоғам қалыптастыруға жәрдемдесу. Орталық ғалымдарды, тәжірибелі заңгерлерді, сарапшылар мен жануарларды қорғаушыларды біріктіре отырып, жануарларға жауапты және саналы қатынас арқылы қоғамды гуманизациялауға ұмтылады. Ашылу сәтінде Animal Law Center бірқатар негізгі жобаларды іске асыруға кірісіп кеткен болатын, олардың қатарында: жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсатында пайдалану саласын құқықтық реттеу, ветеринарлық және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аңшылық туризмнің құқықтық аспектілері, жануарларға қатыгездік танытқаны үшін құқықтық жауапкершілік, баспаналардағы қаңғыбас жануарларды ұстау жағдайларын жақсарту, сондай-ақ жануарларға жауапты қатынасты қалыптастыру бойынша халықты ағарту. Осы жобалардың әрқайсысы жануарларды қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеу мен заңнаманы жетілдіруге, тірі табиғатқа адамгершілікпен қарауды нығайтуға және қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
15.12.2023
Animal Law клубының ашылуы
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
12.06.2026
MNU-да ағылшын тілінен халықаралық емтиханға дайындықтың әдістемелері туралы айтылды
Астана қаласының ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына халықаралық емтиханға сәтті дайындықтың әдістемелері туралы айтылды. Maqsut Narikbayev...
11.06.2026
Әділет министріне құқықты цифрландыру бойынша MNU жобасы таныстырылды
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Maqsut Narikbayev University-де болды. Ведомство басшысы құқықты цифрландыру саласындағы «Legal...
10.06.2026
ҰБТ рекордсмендері MNU-ды таңдауда
Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 140 балл жинаған төрт мектеп түлегі жоғары оқу орнын таңдады....