Қонақжайлылық

Школа специальности:
Жоғары Гуманитарлық мектеп

Сипаттама

«6В11101 – ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ БАКАЛАВР

 

«Қонақжайлылық» бағдарламасы үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, әзірленген және қонақжайлылық және туризм индустриясы саласындағы мамандарға деген қазіргі заманауи еңбек нарығының талаптарын ескереді. Бағдарламаны құрастыру кезінде үздік әлемдік тәжірибелер назарға алынды.

 

Бағдарлама шетелдік және қазақстандық жұмыс берушілер мен туризм және қонақжайлылық саласындағы мамандардан тұратын Жоғары Гуманитарлық Мектебінің Бизнес-кеңесінде ұсынылды.

 

Қонақ үй менеджменті мен операциялық қызметке бағытталған қонақжайлылық саласындағы бакалавриат бағдарламасы қонақ үйге қызмет көрсету стандарттарының барлық қыр-сырынан хабардар көп тілді қонақжайлылық мамандарының жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған. Одан өзге, бағдарлама қонақжайлылық индустриясының көпмәдениетті ортасында жұмыс істеуге дайын қонақжайлылық индустриясының көшбасшыларын оқытуға бағытталған.

 

Білім беру бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптары, сондай-ақ, кәсіби стандарттардың, қазіргі заманауи нарық пен жұмыс берушілердің талаптары негізінде құрастырылған.

6998, 6998, HOSPITALITY, hospitality.pdf, 388258, https://mnu.kz/wp-content/uploads/2024/02/hospitality.pdf, https://mnu.kz/kk-kz/educational/hospitality/hospitality-2/, , 3, , , hospitality-2, inherit, 4138, 2024-07-30 09:37:57, 2024-07-30 09:37:57, 0, application/pdf, application, pdf, https://mnu.kz/wp-includes/images/media/document.png

Бағдарлама құрылымы

Бағдарлама оқытудың екі түрінде ұсынылған: толық (4 жыл) және қысқартылған (3 жыл).

4 жыл ішінде оқуды аяқтау үшін студент 248 академиялық кредитті игеруі қажет. Оқытудың бұл нысаны орта білім беру базасында оқуға түскендер үшін көзделген. Колледжден кейінгі (орта кәсіптік білім беру базасында) оқуға түсушілердің 192 академиялық кредитті игеріп, 3 жыл ішінде оқуын аяқтауға мүмкіндігі бар.

Бағдарламаның барлық студенттері өздерінің жеке оқу жоспарын құруға мүмкіндік алады. Курстың егжей-тегжейлі бағдарламасы Жоғары Гуманитарлық Мектебінің каталогында қолжетімді.

Бағдарлама барысында ұсынылатын курстардың қолжетімді ауқымын назарға ала отырып, студент бағдарламаның бүкіл кезеңі ішінде 2 майнорға дейін өте алады және MNU – Hilton Astana, MNU – Sheraton Astana және т.б. сертификаттау бағдарламасынан өте алады және бағдарламадан өткені туралы сертификат ала алады.

 

Студент сонымен қатар серіктес- St Regis Astana, The Ritz-Carlton Astana, сондай-ақ Sheraton Astana люкс класс қонақ үйлерімен бірлесіп әзірленген Дуальды оқыту бағдарламасы аясында белгілі бір бейіндік пәндерді оқу мүмкіндігіне ие. Мұндағы артықшылық – қонақ үй бизнесі кәсіпорындарындағы жұмыс стандарттары мен үдерістерін оқу, кейінгі жұмысқа қажетті іс жүзіндегі білім мен дағдыларды алу болып табылады.

Одан өзге, түлектер бағдарлама аясында қосымша бір шет тілін (қытай/испан/итальян/неміс/француз) меңгере алады. Бұл осы саладағы болашақ мамандарды бәсекеге қабілетті үміткер етеді.

 

 

Оқыту нәтижелері
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектер мыналарды үйренеді:

  • жергілікті және көпмәдениетті ортада тарих, тілдер туралы білімді қолдану;
  • көпмәдениетті ортада қонақтармен, серіктестермен, жеткізушілермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеру және пайдалану, топпен жұмыс істеу дағдыларын пайдалану;
  • қонақжайлылық пен қызмет көрсету саласының күрделі мәселелерін қамтитын жағдаяттарға талдау жүргізу және операциялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық сипаттағы мәселелерді шешу үдерісіне жобалық менеджмент ұстанымдарын енгізу; жұмыс мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда шығармашылық көзқарас пен икемділік таныту;
  • қонақ үйлер мен мейрамханаларды және басқа қонақжайлылық кәсіпорындарын басқару үдерісіндегі қызмет көрсету сапасының мәселелерін анықтау және бағалау;
  • стандартты қауіпсіздік рәсімдері мен қызмет көрсету стандарттарын қолдануға, сондай-ақ қонақ үйлердегі, сондай-ақ басқа қонақ үй бөлімшелеріндегі қоғамдық тамақтандыру орындары мен тамақ және сусындар бөлімшелерінің операциялық қызметін ұйымдастыру мәселелерін шешу;
  • жергілікті және халықаралық ауқымдағы іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ менеджмент, маркетинг және қаржылық стратегияларды қолдана отырып, бизнес-жобаларды іске қосу;
  • қонақ үй нөмірлеріне қызмет көрсету стандарттарына ие болуы, қонақ үй нөмірлеріне қызмет көрсету бойынша қажетті қызметтерді орындау және қажетті арнайы жабдықты пайдалану;
  • стандартты операциялық үдерістер негізінде құжаттарды әзірлеу;
  • қонақжайлылық индустриясында сапалық және сандық зерттеу әдістерін қолдану;
  • ірі қонақ үй желілерінде мен мейрамханаларда пайдаланылатын операциялық жүйелердің әртүрлі түрлерімен жұмыс істеу;
  • операциялық және стратегиялық жоспарларды әзірлеу кезінде қонақжайлылық индустриясының озық тәжірибелерін пайдалану;
  • қонақжайлылық саласында бизнес-жобаларды іске қосу және жүргізу (қонақ үйлер мен мейрамханалар менеджменті).

 

 

ҚОСЫМША МАМАНДАНУ

Білім беру бағдарламасы артықшылықтарының бірі қосымша мамандануға қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады. Бұл білім алушылардың жұмысқа орналасу аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоғары Гуманитарлық Мектебінің «Қонақжайлылық» ББ оқу үшін келесі қосымша мамандануды ұсынады (minor/майнорлар):

  1. Қызмет көрсету менеджменті/6 айға дейінгі ұзақтығы бар St Regis Astana Hotel, The Ritz-Carlton Astana, Sheraton Astana-мен серіктестіктегі Дуальды бағдарлама;
  2. Қонақ үй және мейрамхана бизнесі;
  3. Туризм мен қонақжайлылықтағы маркетинг;
  4. 3 айға созылатын тағылымдамадан өтудің сертификаттық бағдарламалары (мысалы, MNU-Hilton Astana, MNU-Sheraton-Astana, сондай-ақ қонақ үй-мейрамхана бизнесі және туризм саласындағы халықаралық желілік компаниялармен серіктестік саласындағы басқалары).

 

Мамандану (minor/майнор):
• қабылдау талаптары бар: GPA, оқытылған пәндердің болуы-пререквизиттер және т. б);
• ретімен оқытылатын бірнеше пәндерден тұрады;
• жеке сертификаттау бағдарламасы ретінде ұсынылуы мүмкін (әртүрлі санаттағы студенттер үшін);
• пәндерді әртүрлі академиялық кезеңдерде («жинақтау жүйесі») біртіндеп, бірақ сертификат алу үшін дәйекті түрде оқуға болады;
• студент мектептің академиялық каталогынан өз бетінше таңдайды;
• білім беру бағдарламасы аясында (майнор пәндері бойынша кредиттер негізгі бағдарламаның 240 ECTS-ке кіреді) және/немесе негізгі білім беру бағдарламасына қосымша оқылуы мүмкін;
• курсты аяқтауға қойылатын талаптарды орындағаннан кейін студент сертификаттау бағдарламасынан өткені туралы сертификат алады.

 

Негізгі білім беру бағдарламасы аясында екі майнордан аспайтын пәндерді оқуға рұқсат беріледі. Егер білім алушы екіден көп майнорды игергісі келсе, ол ЖГМ Академиялық сапа комитетіне жүгінеді.

Сертификаттау бағдарламасы аяқталғанда тиісті талаптар орындалмаған жағдайда сертификат берілмейді.

Сертификаттау бағдарламалары бойынша оқу мерзімі-5 жылдан аспайды Сертификаттау бағдарламасы аясында оқытылған пәндер бойынша кредиттер Университеттің білім беру бағдарламаларының оқу жоспары аясында пәнге тіркелген кезден бастап, 5 жыл ішінде қайта есептелуі мүмкін. Көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін осы пән бойынша қорытынды баға жарамсыз болып саналады және студент осы пән бойынша кредитін алу үшін оны қайта оқып шығуы керек.

 

 

 

Minor in Service management/Dual education (in Partnership with St.Regis Astana Hotel, The Ritz-Carlton Astana, Sheraton Astana)

 

Minor/сертификатталған бағдарламаны аяқтауға қатысты талаптар:

  • 30 академиялық кредит;
  • Минималды GPA 2.67
Коды БАҒДАРЛАМА Кредит саны Тілі
Базовые дисциплины – обязательный компонент / Базалық пәндер – міндетті пәндер / Basic Courses – Required Disciplines
IH 1109 Introduction to Hospitality – M1 5 Eng
Профилирующие дисциплины – обязательный компонент / Бейіндік пәндер – міндетті пәндер / Major Courses – Required Disciplines

 

CCLC 4222 Customer service and loyalty creation – M1 5 Eng
FBS 2309 Food and beverage service – M1 5 Eng
FOMO 2310 Front office management and operations – M1 5 Eng
YRM 3311 Yield and revenue management – M1 5 Eng
БАРЛЫҒЫ 30  

 

 

 

Minor in Hotel & Restaurant Business

 

Minor/сертификатталған бағдарламаны аяқтауға қатысты талаптар:

  • 30 академиялық кредит;
  • Минималды GPA 2.67
Коды БАҒДАРЛАМА Кредит саны Тілі
Базовые дисциплины – обязательный компонент / Базалық пәндер – міндетті пәндер / Basic Courses – Required Disciplines
CC 4308 Crosscultural communications – M2 5 Eng
FL III 3210 Foreign Language III (B1) – M2 5 Eng
IATH 2206 Introduction into Accounting for Tourism & Hospitality – M2 5 Eng
IM 3218 Investment management  – M2 5 Eng
Профилирующие дисциплины – обязательный компонент / Бейіндік пәндер – міндетті пәндер / Major Courses – Required Disciplines

 

FPS 3220 Food production and safety – M2 5 Eng
FBCO 4316 Food&Beverage Management – M2 5 Eng
EM 3303 Event Management – M2 5 Eng
БАРЛЫҒЫ 30  

 

 

 

Minor in Marketing in Tourism & Hospitality

 

Minor/сертификатталған бағдарламаны аяқтауға қатысты талаптар:

  • 30 академиялық кредит;
  • Минималды GPA 2.67
Коды БАҒДАРЛАМА Кредит саны Тілі
Базовые дисциплины – обязательный компонент / Базалық пәндер – міндетті пәндер / Basic Courses – Required Disciplines
TMark 3213 Tourism Marketing and Digital Development – M3 5 Eng
CB 2214 Consumer Behaviour – M2, M3 5 Eng
Профилирующие дисциплины – обязательный компонент / Бейіндік пәндер – міндетті пәндер / Major Courses – Required Disciplines

 

MMTD 3225 Marketing and managing tourist destinations – M1, M3 5 Eng
EITH 4305 Entrepreneurship and Innovation in Tourism & Hospitality – M3 5 Eng
TMan 2207 Tourism Management  – M3 5 Eng
EM 3303 Event Management – M3 5 Eng
БАРЛЫҒЫ 30  

 

 

 

Қонақжайлылық бағдарламасының негізгі артықшылықтары:

1) Қонақжайлылық индустриясының өкілдерімен, атап айтқанда, қонақ үй бизнесінде маманданған ірі бизнес компанияларымен, жеке және ұлттық компаниялармен тығыз және әріптестік ынтымақтастықта болу. Ынтымақтастық студенттерге Marriott International (Қазақстан, Вьетнам, БАӘ), Kazakh Tourism, Air Astana, Түркиядағы қонақ үй желілері, жоғары деңгейдегі мейрамханалар және басқа да қонақжайлылық компаниялары сияқты үздік жергілікті және халықаралық компанияларда тәжірибенің ауқымды базасын ұсынуға мүмкіндік береді.

2) Бұл білім алушылардың жұмысқа орналасу аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоғары Гуманитарлық Мектебі келесі қосымша мамандануды ұсынады (minor/майнорлар):

  • Қызмет көрсету менеджменті/6 айға дейінгі ұзақтығы бар St Regis Astana Hotel, The Ritz-Carlton Astana, Sheraton Astana-мен серіктестіктегі Дуальды бағдарлама;
  • Қонақ үй және мейрамхана бизнесі;
  • Туризм мен қонақжайлылықтағы маркетинг;
  • 3 айға созылатын тағылымдамадан өтудің сертификаттық бағдарламалары (мысалы, MNU-Hilton Astana, MNU-Sheraton-Astana және т.б.)

3) Swiss Hotel Management School, Hotel Institute Montreux, Швейцария (QS world university ranking рейтингісі бойынша олар Қонақжайлылық саласындағы әлемнің үздік 10 университетінің қатарына кіреді), Excelia Tourism and Hospitality School, Excelia group (Франция) сияқты ЖООлармен қос дипломдық бағдарлама.

4) Студенттер оқу аясында бизнес-жобаларды іске асырады. Жұмыс істеп тұрған жобалардың бірі жастар арасында ішкі туризмді дамытуға бағытталған студенттік туристік компания болып табылады.

Minor

Экскурсиялық гид
Туризм және қонақжайлылық саласындағы маркетинг;
«HILTON-ASTANA» сертификаттық тағылымдама бағдарламасы

Оқытушылар

Ашикбаева Жанар Саматовна
Assistant Professor
Ембергенова Данагүл Ғабитқызы
Teaching professor
Исалиева Аксамал Маратовна
Teaching professor

Қабылдауға өтініш беріңіз
Қонақжайлылық
Өтініш беру