Maqsut Narikbayev University академиялық және ғылыми бағыттарды дамыту аясында «Психология» білім беру бағдарламасына (бакалавриат / магистратура) оқытушы лауазымына үміткерлерді шақырады.
Міндеттері:
- Пәндерді оқыту (оның ішінде КПТ майноры, бренд-аналитика және бейіндік курстар).
- Заманауи білім беру технологияларын қолдану.
- Білім беру бағдарламаларын және академиялық ортаны дамытуға қатысу.
Талаптар:
1. Психология саласы бойынша PhD немесе ғылым кандидаты/докторы дәрежесі (шетелдік ЖОО болғаны жөн).
2. Кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
3. Оқыту әдістемелерін меңгеру.
4. Орыс және/немесе қазақ тілдерін білу, ағылшын тілі құпталады.
5. Цифрлық оқыту құралдарын сенімді пайдалану.
Қосымша талаптар:
— Шетелдік университеттерде оқу немесе жұмыс тәжірибесі.
— Кәсіби және ғылыми қауымдастықтарға мүшелік.
Біз ұсынамыз:
1. Жұмыс форматы: штат / қоса атқару.
2. Бәсекеге қабілетті жалақы (оқу жүктемесіне байланысты).
3. Конференцияларға және ғылыми қызметке қатысу мүмкіндіктері.