Maqsut Narikbayev University-де Euronews академиясының кезекті курстары өтті. Оқудан 40-тан астам студент пен журналист өтті.
«Мамандандырылған журналистика» модулі Астана, Алматы және Павлодардан келген студенттер мен жас журналистерді біріктірді. Қатысушылар зерттеу әдістері мен терең репортаж техникасын, ғылым, денсаулық сақтау және жоғары технологиялар секторларындағы күрделі терминологиямен жұмысты, сондай-ақ цифрлық ортада сапалы контент жасауға арналған мультимедиялық сторителлингті талдады. Модулді сегіз беделді марапаттың иегері, халықаралық сарапшы және Euronews грек қызметінің журналисі Иоаннис Гиагкинис жүргізді.
«Халықаралық телевизиялық бағдарламалар өндірісін басқару» модулінде продюсерлер, медиа менеджерлер және медиа мамандар оқытылды. Бағдарлама мәдениетаралық ынтымақтастық, қашықтағы командаларды үйлестіру, түрлі нарықтарға арналған форматтарды жоспарлау және бейімдеу тақырыптарын қамтыды. Модуль жүргізушісі Euronews грек қызметі мен Ташкенттегі бюроның басшысы Акис Татсис болды.
Айта кетейік, жоба Euronews, «Медиа даму қоры» корпоративтік қоры және Астана қаласының жоғары оқу орындары арасындағы меморандум аясында іске асырылуда. MNU курстарды өткізу базасы ретінде белгіленген.




