MNU Халықаралық журналистика мектебі операторлық шеберлік, бейнеөндіріс және монтаж салалары бойынша пәндерді оқыту үшін Cinematography and Editing бағыты бойынша практик-оқытушыны жұмысқа шақырады.
Үміткер медиаиндустрияда практикалық жұмыс тәжірибесіне ие болып, оқытушылық қызметті студенттерді тәжірибеге бағытталған оқытумен ұштастыруға дайын болуы тиіс.
Міндеттері:
- Операторлық шеберлік, монтаж, кадр композициясы, анимация және бейнеөндіріс пәндерін оқыту;
- Түсірілім процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
- Компьютерлік сыныптар мен студияларда практикалық сабақтар өткізу;
- Камералармен, жарықтандыру жабдықтарымен, тұрақтандырғыштармен және басқа да техникалық құралдармен жұмыс істеу;
- Оқу материалдарын, тапсырмаларды және бағалау критерийлерін әзірлеу;
- Canvas жүйесінде курсты жүргізу (материалдарды жүктеу, тапсырмаларды тексеру және студенттерге кері байланыс беру);
- Практикалық контент дайындау (подкасттар, бейнесюжеттер және т.б.);
- Мектептің іс-шаралары мен жобаларына қатысу;
- Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу.
Үміткерге қойылатын талаптар:
1. Білімі
- Журналистика, медиа, кино-, теле- немесе бейнеөндіріс саласы бойынша жоғары кәсіби білім;
- Магистр немесе PhD дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады.
2. Жұмыс тәжірибесі
- Медиаиндустрияда, телевидениеде, digital немесе киноөндіріс саласында практикалық жұмыс тәжірибесі;
- Жаңалықтар студияларында, продакшн компанияларында немесе режиссерлік қызметте жұмыс тәжірибесі;
- Оқытушылық тәжірибенің болуы құпталады.
3. Кәсіби дағдылар
- Композиция негіздерін, түсіру және монтаж әдістерін білу;
- Түсірілім процесін ұйымдастыра білу;
- Кәсіби жабдықтармен және техникалық базамен жұмыс істеу дағдылары;
- Келесі бағдарламаларды еркін меңгеруі:
- Adobe Premiere Pro;
- DaVinci Resolve;
- Adobe After Effects;
- Бейнемонтаж және түсті түзетуге арналған басқа бағдарламалар.
4. Тілдік талаптар
- Орыс және/немесе қазақ тілдерін меңгеруі;
- Ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады.
5. Жеке құзыреттер
- Студентке бағдарланған көзқарас;
- Коммуникабельділік және командада жұмыс істей білу;
- Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау;
- Сындарлы кері байланыс бере білу.
Жұмыс шарттары:
- Сабақ кестесіне сәйкес икемді жұмыс кестесі;
- Толық немесе толық емес жұмыс күнімен еңбек ету мүмкіндігі;
- Университеттің тарифтік кестесіне сәйкес еңбекақы.
Өтініш беру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Түйіндеме (CV);
- Портфолио немесе жұмыс үлгілері (болған жағдайда);
- Дипломдар мен сертификаттардың көшірмелері.