MNU Logo
Қазақстандық әскери қызметшілер MNU-да өздерінің цифрлық дағдыларын кеңейтті - MNU

13.10.2026

Қазақстандық әскери қызметшілер MNU-да өздерінің цифрлық дағдыларын кеңейтті

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне қызметте жасанды интеллектіні пайдалану бойынша курс ұйымдастырылды. 75 адам вайб-кодинг негіздерін үйренді.

Екі күндік практикалық сабақтар Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің мерзімді әскери қызметшілерін біріктірді. Курстың қатысушылары нақты міндеттер үшін жеке цифрлық құралдарды әзірлеу процесін меңгерді. Олар үлкен деректер массивтерін талдау мен визуализациялау, платформалар әзірлеу және жұмыс процестерін автоматтандыруды меңгерді.

«Вайб-кодинг бойынша сабақтар күнделікті қызметімде көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Оның көмегімен тапсырмаларды бірнеше есе жылдам әрі тиімді орындауға болады. Маған жасанды интеллект арқылы бірнеше қосымшамен бір мезгілде жұмыс істеп, оларды бір жүйеге біріктіру мүмкіндігі ұнады. Бағдарламаның өзі қажетті кодты жазады, ал пайдаланушының міндеті – тапсырманы дұрыс тұжырымдау», – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері Ғани Қорғанбаев.

Оқыту барысында ақпарат қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Курсты жақында корпоративтік IT мамандар арасында вайб-кодинг бойынша Қазақстан чемпиондары атанған MNU Жасанды интеллектіні енгізу тобының мамандары жүргізді. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттар алды.

«Біздің міндетіміз – әскери қызметшілерге күнделікті қызметте қолдана алатын дағдыларды беру. Біз оларды нақты міндеттер үшін, атап айтқанда, ел мен өңірлер бойынша деректерді талдаудан бастап жұмыс процестерін автоматтандыруға дейін жеке цифрлық шешімдер жасауға үйретеміз. Ең бастысы – оның қалай жұмыс істейтінін көрсету. Яғни, адам өз идеясын одан әрі дамыта алуы үшін кіру шегін еңсеруге көмектесу», – деді MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен.

Айта кетейік, бұған дейін MNU-да ҚР Құрылтай депутаттары вайб-кодинг бойынша курстан өткен болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз