Maqsut Narikbayev University-де Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Ки Хон болды. Дипломат қонақ дәрісін оқыды.
Дәріс барысында Чжон Ки Хон Кореяның тарихи жолы, елдің мәдениеті, дәстүрлері мен заманауи экономикалық жетістіктері туралы айтып берді. Тарихи байланыстар мен халықтарды өзара қолдауға негізделген қазақ-корей қатынастарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Елші елдегі жасанды интеллектінің дамуы және оның экономика мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларын жаңғыртуда қандай рөл атқаратыны туралы айтып берді.
«Студенттермен жеке кездесіп, олармен осындай интерактивті пікірталас өткізу мен үшін үлкен қуаныш болды. Олар өте ақылды, әсіресе маған олардың сұрақтары ұнады. Мен MNU-ды өте заманауи және жақсы жабдықталған университет деп санаймын. Біздің тағы да кездесуге мүмкіндігіміз болады деп үміттенемін», – деді Чжон Ки Хон.
Айта кетейік, MNU кореялық білім беру мекемелерімен серіктестікті белсенді түрде кеңейтуде. Бір ай бұрын жоғары оқу орны Сеул киберуниверситетімен қос диплом бағдарламасын іске қосты, сондай-ақ Сеул ұлттық университеті Құқық мектебімен меморандумға қол қойып, Инчхон ұлттық университетімен келісімге келді.




