Maqsut Narikbayev University 2026-2027 оқу жылының көктемгі семестріне Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінде (Германия) Erasmus+ бағдарламасы бойынша орындарға конкурс жариялайды. Конкурсқа «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламаларының студенттері қатыса алады.
Іріктеу критерийлері:
• GPA деңгейі – кемінде 3.0;
• ағылшын тілін меңгеру деңгейі – кемінде B2 (IELTS/TOEFL халықаралық сертификаттары қабылданады).
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 22 қараша
Өтінім мен қажетті құжаттарды Smart MNU жүйесінің веб-нұсқасы арқылы тапсыру қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
• белгіленген нысан бойынша білім алушының өтініші (жүктеу);
• шетел паспортының скан-көшірмесі;
• ағымдағы оқу жылындағы оқу үлгерімі туралы транскрипт (ағылшын тілінде);
• шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат;
• белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама (жүктеу);
• үміткердің академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде білім алуына ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу);
• республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
• төмендегі санаттардың біріне жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда):
— көпбалалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы анықтама;
— ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін);
— студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық бөліміне mobility@kazguu.kz электрондық поштасы, Instagram желісіндегі @mnu_international парақшасы арқылы немесе №220 кабинетке жеке келіп хабарласуыңызды сұраймыз.