MNU Logo

Қонақжайлылық

Бағдарлама мектебі:
Жоғары Гуманитарлық мектеп

Сипаттама

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

«Қонақжайлылық» бағдарламасы әлемдік озық тәжірибелерді ескере отырып әзірленді және қонақжайлылық пен туризм индустриясындағы мамандарға қойылатын қазіргі еңбек нарығының талаптарын қамтиды. Бағдарламаны әзірлеу барысында әлемнің үздік тәжірибелері негізге алынды.

Бағдарлама шетелдік және қазақстандық жұмыс берушілер мен туризм және қонақжайлылық саласындағы мамандар кіретін Жоғары гуманитарлық мектептің Бизнес-кеңесінде таныстырылды. Білім беру бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптары, сондай-ақ кәсіби стандарттар, қазіргі нарық және жұмыс берушілер талаптары негізінде әзірленген.

Бағдарлама оқытудың екі түрінде ұсынылған: толық (4 жыл) және қысқартылған (3 жыл).

Оқуда 4 жыл ішінде аяқтау үшін студент 248 академиялық кредитті игеруі қажет. Оқытудың бұл нысаны орта білім беру базасында оқуға түскендер үшін көзделген. Колледжден кейінгі (орта кәсіптік білім беру базасында) оқуға түсушілердің 192 академиялық кредитті игеріп, 3 жыл ішінде оқуын аяқтауға мүмкіндігі бар.

Бағдарламаның барлық студенттері өздерінің жеке оқу жоспарын құруға мүмкіндік алады. Курстың толық бағдарламасы Жоғары Гуманитарлық Мектебінің каталогында қолжетімді.

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:

1) Қонақжайлылық индустриясының өкілдерімен, атап айтқанда, ірі бизнес-компаниялармен, қонақүй бизнесіне маманданған жеке және ұлттық компаниялармен тығыз ынтымақтастық пен серіктестік. Бұл ынтымақтастық студенттерге жергілікті және халықаралық үздік компанияларда кең көлемде тәжірибе алу мүмкіндігін ұсынады.

2) Студенттерге мамандану бағыттарын таңдауға мүмкіндік беру, студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге септігін тигізеді. Жоғары гуманитарлық мектеп келесі қосымша мамандану бағыттарын (minor/майнорлар) ұсынады:

1. Сервис менеджменті/ St Regis Astana Hotel, The Ritz-Carlton Astana, Sheraton Astana қонақ үйлерімен серіктестікте жүзеге асырылатын дуальды бағдарлама, ұзақтығы – 6 айға дейін.
2. Мейрамхана және қонақ үй бизнесі;
3. Туризм және қонақжайлылық маркетингі;
4. 3 айлық тағылымдаманың сертификаттық бағдарламалары (MNU University – Hilton Astana, MNU University-Sheraton-Astana сияқты)

3) Swiss Hotel Management School, Hotel Institute Montreux (QS әлемдік университеттер рейтингіне сәйкес Қонақжайлылық саласы бойынша әлемдегі топ-10 университеттің қатарына кіреді), La Rochelle Tourism and Hospitality School, Excelia group сынды жоғары оқу орындарымен қос дипломды бағдарлама.

4) Студенттер оқу барысында бизнес жобаларды жүзеге асырады. Жұмыс істеп тұрған жобалардың бірі – жастар арасында ішкі туризмді дамытуға бағытталған студенттік туристік компания.

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

ББ мақсаты: қонақжайлылық саласында қызмет көрсету стандарттары мен мейрамхана және қонақ үй бизнесі кәсіпорындарын басқару бойынша білімге ие жоғары білікті кадрларды даярлау. Жергілікті және халықаралық нарықтарда қонақжайлық саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін бәсекеге қабілетті кадрлық потенциалды қалыптастыру.

Бағдарлама туралы (сипаттама):

Қонақ үй менеджменті мен операциялық қызметке назар аудара отырып, қонақжайлылық саласындағы бакалавриат бағдарламасы қонақ үйге қызмет көрсету стандарттарының барлық аспектілері туралы білетін көп тілді қонақжайлылық мамандарының жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар, бағдарлама қонақжайлылық саласында көпмәдениетті ортада жұмыс істеуге дайын қонақжайлылық индустриясының көшбасшыларын оқытуға бағытталған.

Бағдарлама барысында ұсынылатын курстардың қолжетімді ауқымын назарға ала отырып, студент бағдарламаның бүкіл кезеңі ішінде 2 майнорға дейін өте алады және MNU – Hilton Astana, MNU – Sheraton Astana және т.б. сертификаттау бағдарламасынан өте алады және бағдарламадан өткені туралы сертификат ала алады.

Студент сонымен қатар серіктес- St Regis Astana, The Ritz-Carlton Astana, сондай-ақ Sheraton Astana люкс класс қонақ үйлерімен бірлесіп әзірленген Дуальды оқыту бағдарламасы аясында белгілі бір бейіндік пәндерді оқу мүмкіндігіне ие. Мұндағы артықшылық – қонақ үй бизнесі кәсіпорындарындағы жұмыс стандарттары мен үдерістерін оқу, кейінгі жұмысқа қажетті іс жүзіндегі білім мен дағдыларды алу болып табылады.
Сонымен қатар, түлектер бағдарлама аясында қосымша бір шет тілін (қытай/испан/итальян/неміс/француз) меңгере алады. Бұл осы саладағы болашақ мамандарды бәсекеге қабілетті үміткер етеді.
Білім беру бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптары, сондай-ақ кәсіби стандарттардың, қазіргі заманғы нарық пен жұмыс берушілердің талаптары негізінде қалыптастырылған

Оқыту нәтижелері:
Осы бағдарламаның соңында түлектер үйренеді:
– жергілікті және көпмәдениетті ортада тарих, тілдер туралы білімді қолдану
– көпмәдениетті ортада қонақтармен, серіктестермен, жеткізушілермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеру және пайдалану, топпен жұмыс істеу дағдыларын пайдалану;
– қонақжайлылық пен қызмет көрсету саласының күрделі мәселелерін қамтитын жағдаяттарға талдау жүргізу және операциялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық сипаттағы мәселелерді шешу үдерісіне жобалық менеджмент ұстанымдарын енгізу; жұмыс мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда шығармашылық көзқарас пен икемділік таныту;
– қонақ үйлер мен мейрамханаларды және басқа қонақжайлылық кәсіпорындарын басқару үдерісіндегі қызмет көрсету сапасының мәселелерін анықтау және бағалау;
– стандартты қауіпсіздік рәсімдері мен қызмет көрсету стандарттарын қолдануға, сондай-ақ қонақ үйлердегі, сондай-ақ басқа қонақ үй бөлімшелеріндегі қоғамдық тамақтандыру орындары мен тамақ және сусындар бөлімшелерінің операциялық қызметін ұйымдастыру мәселелерін шешу;
– жергілікті және халықаралық ауқымдағы іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ менеджмент, маркетинг және қаржылық стратегияларды қолдана отырып, бизнес-жобаларды іске қосу;
– қонақ үй нөмірлеріне қызмет көрсету стандарттарына ие болуы, қонақ үй нөмірлеріне қызмет көрсету бойынша қажетті қызметтерді орындау және қажетті арнайы жабдықты пайдалану;
– стандартты операциялық үдерістер негізінде құжаттарды әзірлеу;
– қонақжайлылық индустриясында сапалық және сандық зерттеу әдістерін қолдану;
– ірі қонақ үй желілерінде мен мейрамханаларда пайдаланылатын операциялық жүйелердің әртүрлі түрлерімен жұмыс істеу;
– операциялық және стратегиялық жоспарларды әзірлеу кезінде қонақжайлылық индустриясының озық тәжірибелерін пайдалану;
– қонақжайлылық саласында бизнес-жобаларды іске қосу және жүргізу (қонақ үйлер мен мейрамханалар менеджменті).

Minors

Сервис менеджменті/ St Regis Astana Hotel, The Ritz-Carlton Astana, Sheraton Astana қонақ үйлерімен серіктестікте жүзеге асырылатын дуальды бағдарлама, ұзақтығы - 6 айға дейін.
Мейрамхана және қонақ үй бизнесі
Туризм және қонақжайлылық маркетингі
3 айлық тағылымдаманың сертификаттық бағдарламалары (MNU University – Hilton Astana, MNU University-Sheraton-Astana сияқты)

Оқытушылар

Supriya Banerjee
Teaching professor
Ашикбаева Жанар Саматовна
Assistant professor
Беймурзинов Даулет Оразбаевич
Lecturer
Бердибекова Амина Шукуркаликызы
Senior lecturer
Болкенов Бакытжан Тургазыевич
Teaching professor
Галиакбаров Ермек Эдуардович
Senior lecturer
Гумаров Асхат
Senior lecturer
Ерназар Шынасыл Женісұлы
Senior lecturer
Жалмаганбетов Асет Жанатович
Lecturer
Жолжанова Нурбану Темирбаевна
Senior lecturer
Исалиева Аксамал Маратовна
Teaching professor
Каратаев Дидар Даутович
Senior lecturer
Ким Артур
Lecturer
Когабаев Тимур Толегенович
Teaching professor
Лұқпанова Мадина Жұмажанқызы
Білім беру бағдарламаларының жетекшісі, Senior lecturer
Мамраев Галымбек Бейбитович
Senior lecturer
Мукатова Рабига Аскаровна
Senior lecturer
Мухамеджанова Раушан Адильхановна
Senior lecturer
Опря Валерий Васильевич
Senior lecturer
Раисова Гульшат Давлюбаевна
Senior lecturer
Садвакасов Кайрат Серикович
Senior lecturer
Сеитова Назым Болатовна
Senior lecturer
Сержанұлы Даниел
Senior lecturer
Шора Лейла Жанабековна
Lecturer

Қабылдауға өтініш беріңіз
Қонақжайлылық
Өтініш беру
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз