Менеджмент

Сипаттама

Менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру

Оқу ұзақтығы : 4 жыл

Оқыту тілі:  ағылшын тілінде

 

Артықшылықтары: Менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру (BBA) бакалавриат бағдарламасы студенттерге менеджменттің теориялық және практикалық аспектілері туралы жан-жақты түсінік беруге, оларды халықаралық және жергілікті бизнесті жүргізуде қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама аяқталғаннан кейін түлектер басқару теориясын жан-жақты түсінуді, талдау және шешім қабылдау дағдыларын, компанияның стратегиялық және операциялық тәжірибелерін, сондай-ақ осы аспектілердегі менеджердің рөлін нақты түсінуді көрсетеді. Бағдарлама студенттерге құзыреттіліктің толық жиынтығын қамтамасыз ететін үш таңдау мамандандыру пәнінің бірін игеруге мүмкіндік береді:

  • Адам ресурстарын басқарудағы мамандандыру
  • Кәсіпкерлік және инновация саласындағы мамандандыру
  • Жеткізу тізбегін  басқару (Supply Chain) мен өнеркәсіптік менеджменттегі мамандандыру

 

Оқыту нәтижелері:

  • Презентация, көшбасшылық, ұжымда тиімді жұмыс істеу, нәтижеге бағдарлану және келіссөздер жүргізу дағдыларын көрсету;
  • Саладағы мәселелерді шешу үшін экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, менеджмент және маркетингтің негізгі тұжырымдамаларын түсіну және тұжырымдай білу;
  • Әртүрлі бизнес-мәселелерді талдау және тиісті практикалық ұсынымдар мен іс-әрекеттерді әзірлеу;
  • Ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын көрсету;
  • Іскерлік этика қағидаттарын түсіну және ұстану;
  • Жаһандық және ұлттық контексте экономикалық және іскерлік орта туралы хабардарлықты көрсету;
  • Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын әрбір мамандандыру (төменде түсіндірілгендей) оқу нәтижелеріне қосымша қол жеткізуге ұмтылады.

 

Адам ресурстарын басқарудағы мамандандыру

Менеджмент саласындағы BBA дәрежесі аясында ұсынылатын адам ресурстарын басқарудағы мамандандыру қызметкерлерді іріктеуге, оқытуға, менеджментті дамытуға, өндірістік қатынастарға, өтемақыға, ұйымдастырушылық мінез-құлық динамикасына, қақтығыстар мен стресстерді басқаруға және еңбек құқығына бағытталған.

 

Оқыту нәтижелері:

  • таланттарды басқару, еңбек заңнамасы, адам ресурстары стратегиясы, персоналды оқыту, өтемақы төлемдері, ұйымдық даму және адам ресурстары саласындағы ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, адам ресурстары саласындағы заманауи мәселелер туралы тиімді білімді көрсету;
  • ұйымдардағы жеке және топтық мінез-құлықты бағалау және осы мінез-құлықты басқару ортасы контекстінде түсіндіру; жеке және топтық мінез-құлық динамикасын түсіну құралы ретінде әсер ету, билік және бақылау, қарым-қатынас, қақтығыстар мен тұлғааралық қатынастардың табиғатын бағалай білу;
  • ұжымдарды құру және жұмыс істеу қабілетін, оның ішінде ұжымның дамуын, нормаларын, ұйымшылдығы мен сенімін бағалау;
  • қазіргі іскерлік жағдайларда этикалық және кәсіби мінез-құлық нормалары мен стандарттарын зерделеу және қолдану.

 

 Кәсіпкерлік және инновация саласындағы мамандандыру

Мамандандыру бизнесте стартаптар мен инновацияларды құру саласында қажетті теориялық және практикалық дағдыларды дамытады. Студенттер бизнесті қалыптастыру, бизнестегі жұмыс үрдістері мен дамыту негіздері жайлы ұғым қалыптастырып, жаңа өнімді әзірлеу және нарыққа шығару, инновациялық жобаларды коммерцияландыру процестері туралы біледі.

Оқыту нәтижелері:

  • жаңа өнімді немесе процесті әзірлеу, енгізу және коммерцияландыру;
  • ықтимал тәуекелдерді болжау және бағалау арқылы жаңа өнімді енгізуде немесе компанияға бизнес-жоспар құру;
  • жаңа өнімді немесе бизнесті іске қосумен байланысты тиісті қаржылық, операциялық, стратегиялық, кадрлық және басқа да мәселелерді тиімді шешу және басқару;
  • бизнес ортасының бизнес мүмкіндіктері мен стратегиясына әсерін талдау және бағалау.

 

Жеткізу тізбегін  басқару (Supply Chain) мен өнеркәсіптік менеджменттегі мамандандыру

Экономикадағы тиімді логистикалық операциялардың рөлі жаһандық ауқымда айтарлықтай артып келеді. Соңғы онжылдықтарда бизнестегі жеткізу тізбегі мен өндірісті басқару әлеуеті бәсекелес артықшылықтарды қамтамасыз етуде және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуде әлдеқайда маңызды рөл атқарды. Компаниялар өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын анықтауға және өндіріс мүмкіндіктерін үнемі жетілдіруге тырысады. Осыған байланысты жеткізу тізбегі тұжырымдамаларын және өнеркәсіптік менеджменттің озық тәжірибесін қолдану бизнестің жалпы табысына одан әрі әсер етеді. Сондықтан, бұл бағыт студенттерге логистика мен өндірістің негізгі тұжырымдамаларын ғана емес, сонымен қатар инженерлік принциптердің, тиімді өндіріс дағдыларының және құнды құрудың толық жиынтығын ұсынады. Студенттер экономиканың жалпы сипатын көре алады және нақты мысалдар арқылы аналитикалық бағаларды дамыта алады.

 

Оқыту нәтижелері:

  • интеграцияланған жеткізу тізбегін басқарудың негізгі тұжырымдамасын және өнеркәсіптік шешімдердің қазіргі бизнеске әсерін түсіну;
  • жалпы тиімділікке қол жеткізу үшін жеткізу тізбегін жоспарлау, бақылау және басқару үшін тиісті құралдар мен әдістерді таңдау және қолдану;
  • логистикалық операциялар мен халықаралық сауда процестерін түсіну;
  • сатып алу мен түгендеуді басқарудың әртүрлі стратегияларын сыни тұрғыдан бағалау;
  • қаржылық аспектілерді ескере отырып, әр түрлі санаттар үшін тауарлы-материалдық құндылықтардың оңтайлы деңгейін ұстап тұру үшін басқарудың әртүрлі әдістерін қолдану дағдыларын дамытады.

Бағдарлама құрылымы

 

Course Title ECTS Required/Elective
General Education Courses (58 ECTS)
History of Kazakhstan 5 R
Kazakh-1,2/Russian-1/2 10 R
Cambridge English 20 R
Information and Communication Technologies 5 R
Introduction to Social Sciences (Модуль СПЗ) 8 R
Philosophy 5 R
Critical Thinking 5 R
School Required Courses (25 ECTS)
Business Communications 5 R
Business Ethics 5 R
Academic Writing 5 R
Introduction to Research Methods 5 R
Data Analysis – 1 5 R
Mathematics and Economics Required Courses (25 ECTS)
Mathematics – 1 (Calculus) 5 R
Statistics – 1 5 R
Statistics – 2 5 R
Microeconomics – 1 5 R
Macroeconomics – 1 5 R
Business Core Courses (43 ECTS)
Principles of Accounting 5 R
Principles of Finance 5 R
Principles of Management 5 R
Principles of Marketing 5 R
Entrepreneurship 5 R
Operations Management 5 R
Human Resource Management 5 R
Project Management 5 R
A Step to Graduate 3 R
Major Courses (35 ECTS)
Concentration in Human Resource Management
Compensation and Performance Management 5 R
Labor Law 5 R
Conflict and Stress Management 5 R
Organizational Psychology 5 R
People Management and Leadership 5 R
Equality, Diversity and Inclusion 5 R
Strategic Management 5 R
Concentration in Entrepreneurship and Innovation
Innovation Management 5 R
Design Thinking 5 R
Product Management 5 R
Business Modelling 5 R
Global Entrepreneurship 5 R
Technopreneurship 5 R
Strategic Management 5 R
Concentration in Supply Chain and Industrial Management
Supply Chain Management 5 R
Procurement & Inventory Management 5 R
Transport Techniques & Management 5 R
Storage & Warehousing Techniques 5 R
Principles of Industrial Analysis 5 R
Logistics and International Trade 5 R
Strategic Management 5 R
Electives (30 ECTS)    
Organizational Behavior 5 E
Strategic Marketing 5 E
Consumer Behavior 5 E
Public Relations 5 E
Brand Management 5 E
Corporate Finance 5 E
Financial Management 5 E
Selected Topics in Management 5 E
Internship 12 R
State Exam/Bachelor’s Thesis 12 R

 

ISE MINORS

Қос дипломдық бағдарлама

Хэм студенттері бакалавриат бағдарламасы бойынша 4 жыл ішінде тек MNU университетінің дипломын ғана емес, сонымен қатар шетелдік серіктес университеттің дипломын да алуға мүмкіндік алады.
Қатысуға қойылатын талаптар:

MNU университетінде несиелердің белгілі бір санын сәтті игеру;
GPA 3.0-ден төмен емес;
Ағылшын тілінің деңгейі B2 – ден төмен емес.
Бағдарламаның шарттары:

бірлесіп әзірленген оқу жоспары бойынша және шартта белгіленген оқыту моделіне сәйкес MNU университетінде және серіктес ЖОО-да оқыту(1+3; 3+1; 2+2);
студенттер қабылдау емтихандарын MNU Университетіне түсу ережелеріне сәйкес тапсырады;
оқу нысаны-MNU университетінде және серіктес ЖОО-да күндізгі оқу;
Бағдарлама түлектері екі мемлекеттік диплом алады: жоғары білім туралы MNU университетінің дипломы және шетелдік серіктес университеттің мемлекеттік дипломы.
Серіктес университеттер:

Франция: Excelia Group – Персоналды Басқару, Маркетинг, Менеджмент, Қаржы (2+2, 1 + 3)
Корея: SolBridge International Business School-Бизнес әкімшілігі (2+2)
Германия: Hof University of Applied Sciences-Менеджмент, Персоналды Басқару, Қаржы, Есеп (тегін оқыту) (2+2, 3+1)
Шотландия, БАӘ және Малайзия: Heriot-Watt University – бухгалтерлік есеп (2+2, 3 + 1)
Ұлыбритания: Оксфорд Брукс университеті – Бухгалтерлік есеп

Толығырақ ақпарат алу үшін Құралай Қазиханға хабарласыңыз Kazikhan_k@kazguu.kz

Ел/Университет Бағдарлама талаптары (оқу жылы) қос диплом бағдарламасы

Франция:
Excelia Group

Бағдарламалар:
Адам ресурстарын басқару, Маркетинг, менеджмент саласында ВBA
• Кредиттердің қажетті санынан сәтті өту
• GPA кемінде 3,0;
• ағылшын тіліндегі TOEFL ең төменгі балл 70 (немесе ағылшын тіліндегі басқа ресми тесттегі баламасы) 3+1, 2+2 * Мектеп AACSB және EPAS аккредиттелген
• Университет Financial Times нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік бизнес-мектептер рейтингіне енді
• Студенттер ішкі емтихан тапсыруы керек
• Күндізгі бөлім
• Түлектер 2 диплом алады-MNU және серіктес университет
• Түлектердің магистратурада оқуын жеңілдікпен жалғастыруға мүмкіндігі бар

Корея:
SolBridge Business School

Білім беру бағдарламалары:
Менеджмент саласындағы BBA
• Кредиттердің қажетті санынан сәтті өту
• GPA кемінде 3,33;
• TOEFL 6.0 кем емес 2+2 • SolBridge Business School-AACSB аккредитациясын алған әлемдегі ең жас бизнес мектептердің бірі
• Бас директордың тәлімгерлік бағдарламасы студенттерді корпоративтік әлемге және жетекші сарапшыларға қосуға арналған
• 64 түрлі ұлт / елдің атынан қатысатын халықаралық студенттер ұйымы
• Студенттер ішкі емтихан тапсыруы керек
• Күндізгі бөлім
• Түлектер 2 диплом алады-MNU және серіктес университет

Германия:
Hof University of applied sciences

Бағдарламалар:
Адам ресурстарын басқару, Маркетинг, менеджмент саласында ВBA
• Кредиттердің қажетті санынан сәтті өту
• GPA 2,67-ден кем емес, транскрипт бойынша F бағалары жоқ;
• IELTS 5,5 кем емес 3+1 • тәжірибеге бағдарлану, интернационалдандыру және ресурстарды ұтымды пайдалану қазіргі уақытта Бизнес, информатика және инженерия саласында 30-дан астам бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынатын Hof University-де оқыту мен зерттеудің негізі болып табылады.
• Қабылдаушы институтта 1 жыл оқу ақысы жоқ
Жыл сайын, қыркүйек және қазан айларында (көктемгі семестрге өтініш беру үшін), сондай-ақ наурыз және сәуір айларында (күзгі семестрге өтініш беру үшін) университеттің халықаралық бөлімі студенттерді екіжақты келісімдер мен меморандумдар шеңберінде біздің серіктес университеттерге 1-2 семестрге жібереді.

Іріктеу критерийлері:

2 немесе 3 курс студенттері;
GPA 2,5 немесе одан жоғары;
Ағылшын тілінің деңгейі B2 немесе одан жоғары.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша MNU студенттерін қабылдайтын университеттер:

Бельгия: University of Liege

Финляндия: Hame University of Applied Sciences

Чехия:

Mendel University
Ostrava University
Испания: Universidad de Jaén

Литва: Vitautas Magnus University

Польша: University of Opole

Корея: Solbridge Business School

Германия:

Hof University of Applied Sciences
European University Viadrina
Индонезия:

Universitas Airlangga
Франция:

University of Toulouse
Латвия: Turība University

Венгрия: University of Dunaújváros

Байланыс:
Егер сіз академиялық ұтқырлық және алмасу бағдарламасына қатысу талаптары туралы көбірек білгіңіз келсе, халықаралық кеңсеге хабарласыңыз, mobility@kazguu.kz

Қабылдауға өтініш беріңіз
Менеджмент
Өтініш беру
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде

    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз