MNU Logo

Kapuscinski Lectures: Кембридж профессоры MNU-да сөз сөйледі

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) БҰҰ даму бағдарламасы мен Еуропалық комиссияның қолдауымен Орталық Азиядағы Kapuscinski Lectures жобасының тұсауы кесілді. Алғашқы дәрісті Кембридж университетінің профессоры Абхиманью Шарма өткізді. Оның «Тіл саясаты: даму және инклюзия» тақырыбындағы дәрісі MNU студенттері мен университет қонақтары арасында үлкен қызығушылық тудырды. 

Абхиманью Шарма – тіл саясатының маманы. Оның докторлық диссертациясы Үндістан контекстіндегі Еуропалық Одақтың тіл саясатына бағытталған. Kapuscinski Talks аясындағы дәрісінде ол тіл саясатының дамуды қалай қалыптастыратыны туралы білімімен бөлісіп, негізгі екі бағытқа назар аударды: ағылшын тіліндегі білім берудің рөліне және ымдау тіліндегі оқытудың болмауына байланысты есту мүмкіндігі шектеулі жандар қауымының шеттетілуі.

Баяндама барысында спикер тіл саясатының екі негізгі қырын бөліп көрсетті. Бірінші бөлімде мемлекеттік саясаттың, тіл саясаты мен даму ұғымдарының негізгі түсініктері қарастырылды. Екінші бөлім Үндістандағы ағылшын тілінің рөліне, тұлғалық бірегейлік пен әлеуметтік мобильдік мәселелеріне арналды. Үшінші бөлімде профессор есту қабілеті бұзылған адамдарға қатысты саясатқа, әлеуметтік стигма мен ымдау тілдерінің маңыздылығына тоқталды.

«Тілдер көбінесе тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана қабылданады. Мұндай қарапайым түсінік тілдердің күнделікті өмірге ықпалы саяси партиялар немесе әлеуметтік топтардың қызметімен салыстырғанда саясаткерлер үшін оншалықты айқын болмауынан туындауы мүмкін. Алайда, тіл – тек қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар бірегейліктің маңызды белгісі екенін еске салу қажет. Тіл адамның өзін қалай ұғынатынына және өзінің қай ортаға тиесілі екенін қалай анықтайтынына тығыз байланысты болғандықтан, ол мемлекеттік саясат жүйесінде маңызды орын алуы тиіс», – деді Абхиманью Шарма.

Профессор ерекше назарын дауысы тым жиі елеусіз қалатын – маргиналданған тілдік қауымдастықтардың өкілдеріне аударды. Оларды қоғамдық, білім беру және мәдени күн тәртібіне қосу – бұл жай ғана әділеттілік емес, тұрақты әрі инклюзивті дамудың маңызды шарты. Спикердің пікірінше, мұндай адамдарға өз даусын естіртуге мүмкіндік беру, ресурстарға қолжетімділік пен шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету – яғни, әр адам өз маңыздылығын және қандай да бір қауымдастыққа тиесілі екенін сезіне алатын болашақты шын мәнінде қалыптастыру деген сөз.

«Тіл саясаты әлеуметтік шоғырлану процестеріне де, әлеуметтік шиеленістің қалыптасуына немесе керісінше ушығуына да айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, тіл мемлекеттің саяси және мәдени келбетін анықтауда шешуші рөл атқарады. Сондықтан тілдік көпбейненің стратегиялық және инклюзивті басқарылуы тұрақты және әділ мемлекеттік дамудың қажетті элементіне айналады», –  деп атап өтті Абхиманью Шарма.

Айта кетейік, Kapuscinski Lectures жобасы көрнекті поляк тілшісі және жазушысы Рышард Капущинскийдің есімімен аталады. MNU осы халықаралық бастаманың бір бөлігі болғанын мақтан тұтады, сонымен қатар ашық, әділ және инклюзивті қоғам құруға ықпал етеді.

Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4
Фото 5

АУДИОДЕСКРИПЦИЯ МЕДИАҚОЛЖЕТІМДІЛІК ҚҰРАЛЫ: MNU ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

Maqsut Narikbayev University-де көру қабілеті нашар және зағип жандар үшін медиақолжетімділікті қамтамасыз ететін негізгі құрал – аудиодескрипцияны дамытуға арналған SenseAble халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараны MNU Жоғары гуманитарлық мектебі мен Gala Global Group ірі аударма компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.

SenseAble конференциясы медиақолжетімділік саласындағы жетекші халықаралық сарапшыларды біріктірді. Спикерлер қатарында аудиодескрипцияның пионері, әдістеме мен оқу бағдарламаларының авторы Джоэл Снайдер (АҚШ), 2022 жылы Қатарда өткен футболдан әлем чемпионатында «жанды» аудиодескрипция жасаған әлемдік деңгейдегі маман Жозелия Невес (Португалия) және медиақолжетімділікті зерттеуші, Барселона университетінің профессоры Анна Матамала (Испания) болды. Сарапшылар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін медиақолжетімділік саласындағы инновациялық шешімдерді, үздік тәжірибелерді және зерттеулерді таныстырды.

«Maqsut Narikbayev University Қазақстанда алғаш рет магистратураның аудиовизуалды аударма бағдарламасы аясында «Audio Description, Subtitling for the Deaf and Hard of Hearing» курсын енгізді. Бұл жай ғана жаңа пән емес, бұл – инклюзияға және есту қабілеті бұзылған жандар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға жасалған үлкен қадам. Аталған курс Қазақстанда және оның шегінен тыс медиақолжетімділік саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз университетіміздің осы маңызды салаға үлес қосып отырғанына мақтанамыз», – деді MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің деканы Анар Ибраева.

Конференция барысында аудиодескрипциясы бар көркем фильмдер көрсетіліп, осы бағыттың дамуына арналған отандық және халықаралық жобалар таныстырылды. Қатысушылар музей экспонаттарын бейімдеу мәселесін талқылап, театр қойылымдарына аудиодескрипция енгізу тәжірибесін қарастырды. Сонымен қатар, қазақстандық фильмдер мен қолжетімді визуалды контент жасауды көздейтін мәдени жобалармен танысты. Іс-шара Қазақстанда медиақолжетімділік пен инклюзияны дамытудағы маңызды қадамға айналып, MNU-дің аударма және контент қолжетімділігі саласындағы инновациялық орталық ретіндегі орнын нығайтты.

Еске сала кетейік, аудиодескрипция – бұл көру қабілеті нашар және зағип жандарға арнайы бейімделген ақпарат. Аудиодескрипция экранда болып жатқан оқиғаларды сипаттайды, оның ішінде физикалық әрекеттерді, бет-әлпет көріністерін, костюмдерді, қоршаған ортаны және сахнадағы өзгерістерді қамтиды. Мысалы, бұл формат қазірдің өзінде Netflix стримингтік сервисінің көптеген түпнұсқалық фильмдері үшін қолжетімді.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз