MNU Logo
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ ЖӘНЕ MNU АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА МЕКТЕБІН АШТЫ - MNU

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ ЖӘНЕ MNU АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА МЕКТЕБІН АШТЫ

23.09.2023

Maqsut Narikbayev University-де Халықаралық журналистика мектебінің салтанатты ашылуы өтті, “ҚазАқпарат” ХАА тілшісі Динара Ысқақованың хабарлауынша.

Іс-шараға ҚР Президентінің кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли, ҚР Президенті Телерадиокешенінің Бас директоры Раушан Қажыбаева, сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм және Германияның ҚР-дағы Елшісі Моника Иверсен қатысты.

Бірегей білім беру жобасы Қазақстандық БАҚ үшін шығармашылық және техникалық мамандарды даярлау мақсатында ҚР Президентінің Телерадиокешенімен бірлесіп іске асырылды. Бірінші оқу жылында Халықаралық мектепке 201 студент қабылданды, оның 20-сы Президенттің Телерадиокешенінің және “Dara” президенттік бастамалар Қорының гранттарын алды.

Оқыту ағылшын тілінде өтеді, жекелеген пәндер үшін қазақ және орыс тілдерінің элементтерімен. Болашақ журналистерге арналған оқу бағдарламасы Columbia University, Berkeley University, Princeton University, City University of London-да қолданылатын үздік әлемдік тәжірибелер негізінде әзірленген.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мұндай жоба халықаралық деңгейдегі нағыз мамандарды дайындауға көмектесетінін атап өтті.

“Халықаралық журналистика мектебі студенттерге болашақ кәсіби даму үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Себебі мұнда оқытудың 70 пайызы ағылшын тілінде, ал 30 пайызы қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Тұтастай алғанда, бұл халықаралық деңгейде студенттерді оқыту және олардың көкжиегін кеңейту үшін күшті жоба. Қазақстанда алғаш рет дәл осындай көлемдегі журналистика факультеті ашылуда. Мұнда дайындалатын мамандар келесі ұрпақ үшін үлкен білім ордасын құратынына сенімдімін”, – деді Берік Уәли.

Болашақ журналистерге арналған оқу бағдарламасы Columbia University, Berkeley University, Princeton University, City University of London-да қолданылатын үздік әлемдік тәжірибелер негізінде әзірленген. Студенттерге практикалық тәжірибе алу мүмкіндігін ТРК ресурстары ұсынады: “Jibek Joly” телеарнасы, “ҚазАқпарат” және “Деректі кино орталығы” АА. Сонымен қатар, студенттерді Columbia University, University of Cambridge, New York Film Academy, Mississippi Valley State University және Michigan State University USA түлектері оқытады.

Бүкіл әлем бастан кешіп жатқан қарқынды өзгерістер кәсіби журналистикаға барған сайын қатаң талаптар қояды. Үлкен көлемдегі ақпаратты өңдей, талдай, сүзе және сыни тұрғыдан түсіне білу маңызды. Онымен қоса, қазіргі заманғы БАҚ мультимедиялық сипатқа ие болды. Біз жаңа буын журналистеріне, болашақ әріптестерімізге әртүрлі форматта жұмыс істеу үшін өзекті білім мен дағдыларға ие болуға мүмкіндік беруіміз керек, – деп атап өтті Президент Телерадиокешенінің Бас директоры Раушан Қажыбаева.

ҚР Президенті Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University-дің бірлескен жобасы Қазақстанда дарынды жастарды қолдау және кәсіби дамыту, қоғам мен мемлекеттің заманауи коммуникативтік сұраныстарына жауап беретін журналистік корпус қалыптастыру бойынша алғашқы жоба болды.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз