MNU Logo
Құрылтай депутаттары MNU-да вайб-кодинг бойынша курсынан өтті - MNU

10.10.2026

Құрылтай депутаттары MNU-да вайб-кодинг бойынша курсынан өтті

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) вайб-кодинг бойынша практикалық курс өтті. Тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары болды.

Іс-шара күнделікті қызметте жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын кеңейтуге бағытталған. Екі күндік оқудан Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшелері өтті. Депутаттар вайб-кодинг негіздерін игеріп, нақты міндеттер үшін жеке цифрлық құралдарды жасауды үйренді.

«Мұндай курстар ЖИ-мен дұрыс жұмыс істей білуге оң әсерін тигізеді. Бейіндік комитеттің мүшелері ретінде біз Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, сондай-ақ басқа да ведомстволық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаймыз. Вайб-кодингті білу өте маңызды, себебі осы ұйымдардың өкілдерімен бір деңгейде болу үшін осы жүйелерді түсіну қажет. Екі күннің ішінде біз промпттарды жазу және енгізу, қосымшаларды әзірлеу бойынша бастапқы білімді алдық, әртүрлі терминологияны есте сақтадық. Мысалы, мен өзімнің ЖИ көмекшімді құра алдым», – деді Құрылтай депутаты Мақсұт Насибулов.

Оқу барысында қатысушылар үлкен деректер массивін талдау, платформалар әзірлеу және жұмыс процестерін автоматтандыруды меңгерді. Курсты корпоративтік IT мамандар арасында вайб-кодинг бойынша Қазақстан чемпиондары атанған MNU Жасанды интеллектіні енгізу тобының мамандары жүргізді. Сонымен қатар депутаттар жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен және ЖИ саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

«Ең бастысы, біз теориямен ғана шектелген жоқпыз. Біз бәрін бірден тәжірибеде жасадық және алған білімімізді енді жұмыста қолдана аламыз. Мен университеттен керемет әсер алдым, өйткені осында студенттер мен оқытушыларға қолайлы жағдай жасалған. Ғимаратта коворкингтер, кітапханалар, демалыс орындары және тіпті подкаст студиясы да бар. Курс үшін MNU-ға алғыс айтамын», – деді Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова.

Оқу қорытындысы бойынша депутаттарға тиісті сертификаттар табысталды. Айта кетейік, бұған дейін ЖИ-ді тәжірибелік қолдану бойынша курстарынан MNU түлектері өткен болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз