MNU Logo
Қазақстан мен Франция академиялық ынтымақтастықты нығайтуда: MNU базасында «Lumières» қоры ашылды - MNU

08.05.2026

Қазақстан мен Франция академиялық ынтымақтастықты нығайтуда: MNU базасында «Lumières» қоры ашылды

Астанада Орталық Азиядағы тұңғыш «Lumières» корпоративтік қоры ашылды. Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға бағытталған ұйым Maqsut Narikbayev University базасында болады.

Қордың салтанатты ашылуы Францияның Қазақстандағы Елшілігімен және Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасымен (CCIFK) бірлесіп ұйымдастырылды. MNU Қазақстанда «Lumières» қорының қызметін бастауға арналған институционалдық алаң ретінде қажетті инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етеді. Университет жоба бастамасынан бері оның дамуына белсенді атсалысып, қорды Қазақстан мен Франция арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды элементі ретінде қарастырады.

«Қордың ашылуы – Қазақстан мен Франция арасындағы білім және ғылым саласындағы өзара сенімнің, ортақ құндылықтар мен ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестіктің айқын дәлелі. Бұл қор білім беру қоғамдастығын нығайтуға, ғылым мен инновацияларды қолдауға, сондай-ақ болашақ көшбасшыларды даярлауға бағытталған маңызды жоба. Осыған байланысты «Lumières» қоры екі ел арасындағы жаңа мүмкіндіктердің тұғырнамасына айналатынына сенімдіміз», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов.

Қордың миссиясы – студенттік ұтқырлық стипендияларын бірлесіп қаржыландыруға жәрдемдесу және Қазақстанда жұмыс істейтін француз компаниялары үшін кадрлар даярлаудағы қажеттіліктерді қанағаттандыру. «Lumières-тің» басым міндеті – оқыту бағдарламаларының жоғары деңгейіне кепілдік беру үшін білім беру бағдарламаларына сапа сертификаттарын беру. Сонымен қатар қор студенттер арасында серіктестік бағдарламаларды ілгерілетіп, жыл сайын Астана мен Алматы қалаларында Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізіп, Орталық Азия жастарының болашағына өз үлесін қосуда.

«Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон білім, ғылым және мәдениет саласындағы байланыстарды дамыту мен нығайту Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі екендігін бірнеше рет атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі оқиға екі ел арасындағы диалог пен өзара іс-қимылдың іс жүзіндегі жалғасы болып отыр. Бұл қор Қазақстан мен Франция университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың орталығы ғана емес, сондай-ақ біздің елдеріміздің жастары үшін идеялар, білім мен жаңа мүмкіндіктер үшін бірегей кеңістік болатынына сенімдімін», – деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Қор жұмысының маңызды бағыты академиялық ұтқырлық бағдарламаларының стипендияларын қаржыландыру үшін жеке және мемлекеттік инвестицияларды тарту болады. Іріктелген студенттер Қазақстанда жұмыс істеу мақсатында француз және еуропалық стандарттарға сай даярланады. Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогенің айтуынша, қор білім беру саласындағы француз-қазақ ынтымақтастығының жаңа тарауын ашады.

«Қордың мақсаты – қос диплом саласында Франция мен Қазақстанның университеттері арасында әріптестік қатынастарды дамытуға ықпал ету. «Lumières» сондай-ақ студенттік ұтқырлық пен екіжақты академиялық бағдарламаларды қолдау үшін компаниялардың қатысуы арқасында көп ресурстарды тарту міндетін қойып отыр», – деді Сильван Гиоге.

Айта кетейік, «Lumières» іске қосылған сәтте Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындары арасында 17 қос диплом бағдарламасы мен 40 серіктестік жобаға жетекшілік етеді. Қордың атауы 18-ші ғасырдағы Франциядағы Ағартушылық дәуіріне сілтеме жасайды, бұл кезеңде гуманитарлық ғылымдар мен ғылыми ойлаудың негіздері қаланған.

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз