55 маман HR және құқық салаларындағы біліктілігін сәтті арттырды. Maqsut Narikbayev University-де «HR & Құқық» кәсіби сертификаттау бағдарламасының бесінші легі аяқталды.
Оқыту үш ай бойы өтіп, түрлі салалардың мамандарын біріктірді. Қатысушылар еңбек заңнамасы, кадрлық процестерді және құқықтық тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша практикалық білім алды. Оқытушылар ретінде алты жоғары білікті сарапшы болды, олардың ішінде басым бөлігі MNU профессорлары.
Бағдарлама еңбек қатынастарын реттеу, HR-менеджмент саласындағы құқықтық тәуекелдерді басқару жүйесі, әлеуметтік әріптестік және еңбек саласындағы ұжымдық қатынастар мәселелерін егжей-тегжейлі талдауды қамтыды. Сондай-ақ еңбек даулары мен қақтығыстарды шешу, кадрлық жасақтаудағы HR тәсілдері, құзыреттерді модельдеу және персоналды бағалау әдістері тақырыптары қамтылды. Бұл еңбек қатынастары мен HR-менеджмент негіздерінің барлық аспектілерін қамтуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, бес жыл ішінде 200-ден астам маман бағдарламаны сәтті аяқтады.






