MNU Logo
MNU-дың тағы бес білім беру бағдарламасы FIBAA беделді аккредитациясына ие болды - MNU

02.07.2026

MNU-дың тағы бес білім беру бағдарламасы FIBAA беделді аккредитациясына ие болды

Maqsut Narikbayev University білім беру бағдарламалары тағы бір мәрте халықаралық талаптарға сәйкестік сертификаттарына ие болды. Бес бағдарлама жетекші еуропалық FIBAA агенттігінің аккредитациясынан сәтті өтті.

Шешім жақында FIBAA (Foundation for International Business Administration Accreditation) Аккредиттеу және сертификаттау комитетінің отырысында қабылданды. Отырыс қорытындысы бойынша FIBAA Quality Seal сапа белгісі Жоғары гуманитарлық мектептің бес бағдарламасына берілді. Бұл – білім беру бағдарламаларының жоғары сапасының, халықаралық талаптарға сәйкестігінің және үздік практикаларға бағдарлануының дәлелі.

Бастапқы аккредиттеуден «Психология» (бакалавриат) және «Қолданбалы лингвистика» (магистратура) мамандықтары бес жыл мерзімге өтті. Сондай-ақ, үш мамандық жеті жылға қайта аккредитациядан өтті. Бұл – «Аударма ісі» (бакалавриат және магистратура) және «Қолданбалы лингвистика» (бакалавриат) бағдарламалары.

FIBAA экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі жоғары және қосымша білім беру бағдарламаларының сапасын сараптауды және аккредиттеуді жүргізетін жетекші еуропалық аккредиттеу агенттігі ретінде танымал. Агенттік стратегиядан және академиялық басқарудан бастап, түлектердің өз компаниялары мен қоғамды дамытуға қосқан үлесіне дейін, бағдарламаларды кешенді бағалайды. FIBAA-мен қатар университеттің білім беру бағдарламалары QAA, CIMA, ACCA, ICAEW, CIM, HRCI, GARP, CFA және CEEMAN беделді халықаралық агенттіктерімен аккредиттелген.

Айта кетейік, бұған дейін MNU The Times Higher Education Sustainability Impact Ratings 2026 беделді әлемдік университеттер рейтингінде өз позициясын жақсартты.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз