Біз сіздерді Ұлыбританияданың Белфаст қаласында орналасқан Куинс университетінің өкілі, доктор Яссин Баккардың “Банк саласындағы ақшаны жылыстатудың этикасы” тақырыбындағы алғашқы дәрісіне шақырамыз.
Доктор Яссин Баккар Куинс университетінің қаржы кафедрасының ассистент профессоры. Оның зерттеу бағыттарына қаржы экономикасы, сандық макроэкономика және эмпирикалық банк ісі кіреді. Оның ғылыми мақалалары Journal of Banking and Finance, Journal of Financial Stability, және Journal of International Financial Markets, Institutions & Money сияқты беделді ғылыми журналдарда жарияланған.
Дәріс ақшаны жылыстату ісін “Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (CSR)” қағидаттарын “Қоршаған орта және әлеуметтік басқару” (ESG) есептілігіндегі сандық көрсеткіштер арқылы қарастыруға арналған зерттеу негізінде өтеді. Зерттеу CSR-дің бастапқы сапалық идеалдары жақсарды ма, әлде нашарлады ма деген үш гипотезаны ұсынады: бейтарап CSR гипотезасы, оң (позитивті) екіжүзді CSR гипотезасы және теріс (негативті) екіжүзді CSR гипотезасы.
2005–2019 жылдар аралығындағы скандинавиялық банктердің шекарааралық төлемдер деректерін пайдалана отырып, зерттеу ақшаны жылыстату, CSR және ESG мәселелерінің өзара байланысын талдайды. Нәтижелер CSR-дің шамадан тыс сандық және құралдық тәсілдеріне сын көзбен қарауға итермелейді және корпоративтік басқаруды жетілдіру, әсіресе CSR мен ESG мәселелерінде саясаттық маңызға ие тұжырымдар ұсынады.
22.08.2024
“Банк саласындағы ақшаны жылыстатудың этикасы” тақырыбында дәріс
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
27.10.2026
MNU Қытайлық шетелдік жоғары оқу орындарының реестріне енгізілді
Maqsut Narikbayev University халықаралық аренада өз тұғырын нығайтуда. Жоғары оқу орны Қытай академиялық алмасуларға қызмет...
26.10.2026
Жаңа рекорд: MNU-да Қазақстанның ең үлкен туы жайылды
Maqsut Narikbayev University (MNU) студенттері мен оқытушылары Қазақстанның ең үлкен туын жайды. Патриоттық іс-шара Республика...
25.10.2026
Республика күні құтты болсын!
Тура 36 жыл бұрын ел тәуелсіздігі жолындағы бетбұрыс кезең мен мемлекет тарихындағы маңызды бастау болған...