MNU Logo
MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-ДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - MNU

30.12.2024

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-ДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2024 жыл 27 желтоқсан күні Maqsut Narikbayev University (MNU)-де Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі делегациясымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – Жоғары Сот Кеңесінің қызметін түсіндіру, студенттер мен қатысушыларды судьяларды қалыптастыру процесімен таныстыру, сондай-ақ сот жүйесіндегі кәсіби талаптар мен мүмкіндіктер туралы ақпараттандыруды арттыру.



Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі – бұл судьялардың тәуелсіздігін қорғап, олардың қолсұғылмаушылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ сот жүйесін қалыптастыруда Президенттің өкілеттіктерін іске асыратын дербес мемлекеттік орган. Кездесу барысында Кеңес төрағасы Дмитрий Малахов судьяларға қатысты кадрлық мәселелердің басым бөлігі, соның ішінде кандидаттарды даярлау және қызметтегі судьялардың біліктілігін арттыру мәселелері Кеңестің құзыретіне кіретінін атап өтті. Кеңестің қызметін кеңінен таныстыру және болашақ заңгерлердің хабардарлығын арттыру мақсатында заң кадрларын даярлайтын жоғары оқу орындарымен кездесулер ұйымдастырылуда.



“Maqsut Narikbayev University – ұлттық және халықаралық рейтингтерде алдыңғы орындарды иеленген, еліміздегі үздік университеттердің бірі. 1994 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған бұл оқу орны құқықтық білім мен заң реформаларының негізгі орталығына айналды,” – деп атап өтті Дмитрий Малахов.


Ол сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін ерекше атап өтіп, олардың қатарында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Азаматтық кодексін әзірлеушілер, сондай-ақ ғылыми еңбектер мен оқулықтардың авторлары бар екенін айтты.

Іс-шараға MNU Басқарма төрағасы Талғат Мақсұтүлы, университет Провосты Сергей Геннадьевич, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Нұрия Оралжанқызы Сисенова, Аскербек Бейсембекұлы Жакулин, Ернар Нұрланұлы Бегалиев, Ғафур Хамзеұлы Шаров, сонымен қатар Әділет академиясының Вице-ректоры Қанат Қалқаманұлы Мусин және Кеңес аппараты басшысының орынбасары Лаура Серікқызы Курмантаева қатысты.



Бұл іс-шара жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және болашақ заңгерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.


Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз